Connect with us

IN-THE-NEWS

Bank RBK ZERO киім брендіне дамудыңа жаңа деңгейіне шығуға көмектесті

Published

on

By

ZERO қазақстандық киім бренді Bank RBK қаржылық қолдауымен ассортиментін кеңейтіп, сатылымын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, еліміздегі ең беделді сауда орталықтарының бірінде жаңа дүкенін ашты.

Кәсіпкерлер мен Bank RBK арасындағы табысты серіктестік оқиғасы бизнесті тиімді басқару кезінде несие түріндегі ресурстар оны дамытуға жаңа серпін бере алатынының айқын мысалы. 

19 қараша күні “Dostyk Plaza” сауда орталығында ZERO брендінің жаңа дүкені ашылды. Салтанатты рәсімде  лентаны ZERO брендінің негізін қалаушы Исламбек Шәріпов пен “Bank RBK” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сымбат Ибраймов қиды.

“Банк үшін ең үздік сыйлық – өз клиенттерінің қалай өсіп, дамып жатқанын көру. Дәл осы нәрсе біздің жұмысымызды мән-мағынаға толтырады”, – деді Bank RBK басқарма төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ Bank RBK басқарма төрағасы Наталья Акентьева ZERO брендіне нарықтағы үлесін арттыру, одан әрі географиялық кеңею және клиенттердің сүйіспеншілігіне бөлену жолында сәттілік тіледі. 

“Біз бұл жобаны қолдағанымызға өте қуаныштымыз, соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, ел экономикасына пайдасы тиетіні сөзсіз. Бұл кейс – кәсіпкерлік дарынның дұрыс қаржылық қолдаумен өркендей түсетінінің айқын дәлелі. ZERO-ға жаңа табыс, өркендеу және халық ықыласын тілеймін”, – деді банк басшысы.

Өз кезегінде ZERO брендінің негізін қалаушы Исламбек Шәріпов Bank RBK-ге ынтымақтастық үшін алғыс айтып, банк қолдауын бизнестің табысты дамуына қажет факторлардың бірі деп атады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қазір бізде талғампаз отандастарымызды сапалы киіммен қуантуға жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Бірлескен жобаның арқасында табысты нәтижелерге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Біріншіден, бұл бізге жаңа сауда нүктелерін ашуға, өнім ассортиментін кеңейтуге, сату көлемін 120%-ға арттыруға, ең бастысы, жаңа дизайнерлерді, тігіншілері, маркетологтар мен сатушыларды жұмыспен қамти отырып, ұжымды 150%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы біз брендтің нарықтағы орнын одан әрі нығайтып, брендтің танымалдығын арттырғымыз келеді”, – деді кәсіпкер.

Исламбек Шәріповтың айтуынша, банкпен ынтымақтастықтың арқасында оның командасы “А” класындағы сауда үйінен орын алып, бөлшек сауда саласында жоғары лигаға өткен.

Сондай-ақ Исламбек Шәріпов Bank RBK-дағы жоғары деңгейдегі қызмет көрсету сапасына да тоқталды. 

“Осы жоба аясындағы Bank RBK-мен ынтымақтастық жоғары бағаға лайық. Несие беру барысының ұйымдастырылуына, әсіресе банк қызметкерлерінің жылдамдығы мен назарына ризамыз. Bank RBK бізге қолайлы жағдайлар ұсынып қана қоймай, сонымен қатар транзакцияның әрбір кезеңінде жоғары сапалы қолдау көрсетті, бұл бізге бар назарымызды бизнесті дамытуға аударуға және қосымша қиындықтарды айналып өтуге мүмкіндік берді. Bank RBK қолдауымен өз мақсаттарымызды жүзеге асырып, үлкен жетістіктерге жететінімізге сенімдіміз. Бұл кейс біздің Retail Академиясындағы тауар бизнесі саласының кәсіпкерлеріне арналған курстарымызда үлгі ретінде қарастырылады”, – деді Исламбек Шәріпов. 

ҚНРДА берген 2021 ж. 05.04 №1.2.100/245/41 лицензиясы

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығына жаңа әдістеме енгізіледі

Published

on

By

Даңқты италиялық дзюдошы, олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған құрам дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады. Бұл  туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi 

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығына Эцио Гамба бастаған құрам ынтымақтастықты бастады. Бұл ынтымақтастық аясында халықаралық аренада өзінің тиімділігін дәлелдеген жаңа дайындық әдістемесі енгізіліп жатыр. Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде Лондон Олимпиадасында оның шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси бастаған Гамбаның командасы ұлттық құраманың жаттығу үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетуде. Олардың тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері отандық дзюдоны жаңа жетістіктерге жеткізудің қуатты құралы болмақ.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

21 қарашада Қазақстан бойынша дабыл жүйесі қосылады

Published

on

By

21 қарашада бүкіл ел бойынша дабыл қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com

Ертең, 21 қарашада сағат 11:00-де Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады. 

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтердің қыстағы төтенше жағдайларға дайындығын тексеру бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Айта кетейік, бұған дейін 17 қазанда қалада жедел құлақтандыру жүйесі тексерілетіні хабарланған еді. 

Онда алғаш рет iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға хабарлама жіберілетіні айтылған. Сынақ хабарламалары “Президенттік ескерту” немесе “Ұлттық ескерту” белгісімен келетіні жазылған. 

iPhone қолданушыларына хабарламаларды алу үшін құрылғыларын iOS 18 нұсқасына “Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту” батырмасын басып, жаңалау керек делінген. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Бас мүфтидің сапарына байланысты Түркістан облысындағы имамдардан ақша жиналғаны туралы ақпарат тарады

Published

on

By

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфтидің сапарына байланысты Түркістан облысындағы имамдардан ақша жиналғанын жоққа шығарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚМДБ

Әлеуметтік желілерде бопсалау туралы ақпарат пайда болғаннан кейін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Комиссия мүшелері Түркістанға барып, тағылған айыптар бойынша тексеру жүргізді.

“Түркістан облысында бас мүфтидің келуімен байланысты имамдардан ақша жинау фактілері тіркелмеген. Kaspi Gold арқылы аударылған ақша қаражаттары демеушілер тарапынан берілген және олар қайырымдылық шараларына, ифтар ұйымдастыруға, Құран оқу бойынша республикалық байқауды өткізуге, конференцияларды ұйымдастыруға, баспасөз басылымдарына жазылымға және басқа да бастамаларға бағытталған. Аттестациялық комиссия мүшелеріне ақша жинау және гонорар төлеу фактілері анықталған жоқ”, – делінген мәлімдемеде. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бас мүфтидің сапарымен байланысты шығындар толықтай басқарма есебінен төленген. Облыстық мешіттің кірістері мен шығыстары мұқият тексеріліп, заң бұзушылықтар мен қаржы қаражаттарының мақсатсыз пайдаланылуы анықталмағаны айтылды.



Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлеповке қатысты дауға байланысты әлеуметтік желілерде бас имамның аудан мен қала мешіттерінің имамдарынан мәжбүрлі түрде ақша жинағаны туралы ақпарат тарады. Желіде бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркістанға сапары үшін қаражат жинау туралы мәліметтер мен түбіртектер жарияланды. Алайда Төлепов бұл ақпаратты жоққа шығарып, имамдар газет-журналдарға жазылу үшін ақшаны өзіне аударғанын айтты. Ол жағдайға түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін және автордың әрекетіне моральдық жауапкершілік жүктелетінін мәлімдеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!