Connect with us

IN-THE-NEWS

Төреғали Төреәлі “ТТТ” сөзінің қайдан шыққанын айтты

Published

on

By

Танымал әнші Төреғали Төреәлі “ТТТ” сөзінің мағынасын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali/

Өнер иесі халық үшінші “Т” әріпін өздерінше тарқатып алғанын айтты. 

“ТТТ” сөзіндегі “ТТ” – Төреғали Төреәліұлы деген екі сөздің бас әрпі екенін көпшілік біледі. Алайда үшінші “Т”-ның шешімін біле бермейді. Дегенмен, ел ішінде әркім өзінше тарқатып айтып жүр екен. Біреулер туған жері Төретам деген сөздің бас әрпі десе, біреулер әйелі “Толқынның бас әрпі” депті. 

Руым да Әлімнің ішіндегі – Татыран”, – деп әңгімесін бастады әнші.



Көптен жасырған үшінші “Т” әрпінің баламасын қария тапқан көрінеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қызылорда қаласында өткен кештерімнің бірінде залдан бір қария шығып батасын беріп болып: “Маған, бір сұрағым бар еді. “ТТТ” дегендегі үшінші “Т” Татыран деген сөз деп естіп едім, сол рас па?” деді. Мен: “Жоқ, ата, үшінші “Т” Татыран деген өтірік. Бірінші “Т” –Татыран” дедім. Атам жүзі жадырап, бір қуанып қалды. Шамасы, аталасым болса керек. Жүзге бөлінгенім емес, жеті атасын білмеген жетесіз дейді ғой. Негізі, ешкімге айтпап едім, атам қайдан естіді екен. Шынымен, үшінші “Т” – Татыран атамның есімінің бас әрпі болатын”, – деп түсіндірді өнер иесі. 

Еске салайық, Төреғали Төреәлі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен сәтін есіне алған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығына жаңа әдістеме енгізіледі

Published

on

By

Даңқты италиялық дзюдошы, олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған құрам дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады. Бұл  туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi 

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығына Эцио Гамба бастаған құрам ынтымақтастықты бастады. Бұл ынтымақтастық аясында халықаралық аренада өзінің тиімділігін дәлелдеген жаңа дайындық әдістемесі енгізіліп жатыр. Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде Лондон Олимпиадасында оның шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси бастаған Гамбаның командасы ұлттық құраманың жаттығу үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетуде. Олардың тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері отандық дзюдоны жаңа жетістіктерге жеткізудің қуатты құралы болмақ.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

21 қарашада Қазақстан бойынша дабыл жүйесі қосылады

Published

on

By

21 қарашада бүкіл ел бойынша дабыл қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com

Ертең, 21 қарашада сағат 11:00-де Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады. 

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтердің қыстағы төтенше жағдайларға дайындығын тексеру бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Айта кетейік, бұған дейін 17 қазанда қалада жедел құлақтандыру жүйесі тексерілетіні хабарланған еді. 

Онда алғаш рет iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға хабарлама жіберілетіні айтылған. Сынақ хабарламалары “Президенттік ескерту” немесе “Ұлттық ескерту” белгісімен келетіні жазылған. 

iPhone қолданушыларына хабарламаларды алу үшін құрылғыларын iOS 18 нұсқасына “Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту” батырмасын басып, жаңалау керек делінген. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Бас мүфтидің сапарына байланысты Түркістан облысындағы имамдардан ақша жиналғаны туралы ақпарат тарады

Published

on

By

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфтидің сапарына байланысты Түркістан облысындағы имамдардан ақша жиналғанын жоққа шығарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚМДБ

Әлеуметтік желілерде бопсалау туралы ақпарат пайда болғаннан кейін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Комиссия мүшелері Түркістанға барып, тағылған айыптар бойынша тексеру жүргізді.

“Түркістан облысында бас мүфтидің келуімен байланысты имамдардан ақша жинау фактілері тіркелмеген. Kaspi Gold арқылы аударылған ақша қаражаттары демеушілер тарапынан берілген және олар қайырымдылық шараларына, ифтар ұйымдастыруға, Құран оқу бойынша республикалық байқауды өткізуге, конференцияларды ұйымдастыруға, баспасөз басылымдарына жазылымға және басқа да бастамаларға бағытталған. Аттестациялық комиссия мүшелеріне ақша жинау және гонорар төлеу фактілері анықталған жоқ”, – делінген мәлімдемеде. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бас мүфтидің сапарымен байланысты шығындар толықтай басқарма есебінен төленген. Облыстық мешіттің кірістері мен шығыстары мұқият тексеріліп, заң бұзушылықтар мен қаржы қаражаттарының мақсатсыз пайдаланылуы анықталмағаны айтылды.



Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлеповке қатысты дауға байланысты әлеуметтік желілерде бас имамның аудан мен қала мешіттерінің имамдарынан мәжбүрлі түрде ақша жинағаны туралы ақпарат тарады. Желіде бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркістанға сапары үшін қаражат жинау туралы мәліметтер мен түбіртектер жарияланды. Алайда Төлепов бұл ақпаратты жоққа шығарып, имамдар газет-журналдарға жазылу үшін ақшаны өзіне аударғанын айтты. Ол жағдайға түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін және автордың әрекетіне моральдық жауапкершілік жүктелетінін мәлімдеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!