Connect with us

IN-THE-NEWS

Семейлік тұрғындар 30 жыл бойы жөнделмеген апатты жеделсатыға наразылық білдірді

Published

on

By

Семейде көпқабатты үй тұрғындары апатты жағдайда тұрған жеделсатыны жөндеудің орнына, үйдің сыртын бояғанына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Мәліметтерге сенсек, қаланың орталығында орналасқан 16 қабатты бұл үй жақында әкімдіктің көмегімен түрлі түстерге боялып, ғимаратқа жарықтандыру орнатылған. Алайда тұрғындар үшін үйдің сыртқы көрінісінен гөрі істен шыққан жеделсатыны жөндеу маңыздырақ екенін айтады. Лифттің жарамсыз екенін мамандар да растаған.

11 қабатта тұратын зейнеткер Айгүл Бекішева үшін көшеге шығып, қайта пәтеріне көтерілу – нағыз сынақ. 

Тұрғындардың сөзінше, жеделсатының жұмыс істеп тұрғанына 30 жылдан асқан. Тозығы жеткен ол жиі істен шығып тұрады екен. 

Айгүл Бекішеваның айтуынша, оның жасында қабаттап жоғары көтерілу қиын. Ал лифтпен жүру жүйкеге салмақ түсіреді: көтерілу барысында дірілдеп, қорқынышты дыбыстар шығады. 

“Бізде лифт гүрілдеп, дірілдеп жұмыс істейді. Адамдардың салмағы да әсер етеді. Кейде көп адам мінгенде, жеделсаты тоқтап қалады. Оны үнемі жөндеп жатады”, – деді Айгүл Бекішева.

Тұрғындардың бірі Мерует Сытықова балаларды жалғыз лифтке жіберуге жұрт қорқатынын айтады. Олар лифт маманының телефон нөмірін жаттап алған. Себебі аптасына бірнеше рет оны шақыруға мәжбүр. Жаңа лифт орнатуға қажет қаржы, тіпті мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алса да, тұрғындарға ауыр тиеді. Олар биліктің үйдің сыртқы келбетін жөндеуге көңіл бөліп, ал қауіпсіздік мәселесін тұрғындардың мойнына жүктегеніне реніш білдірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Көп тұрғын жазда үйдің сыртын бояғанына, кейін қазан-қараша айларында тұрғындардың келісімінсіз жарық орнатқанына наразы. Мұның бәрі мемлекет қаржысына жасалды, әрі бұл жұмыстарға қызмет көрсету де мемлекеттік бюджеттен төленеді. Біздің наразылығымыз – бұл тек сұлулық үшін ғана жасалып отыр. Ал бізге, тұрғындарға, бұдан еш пайда жоқ. Бізде жеделсатымен жүру өте қауіпті”, – деп ашуланды Мерует Сытықова.

Шенеуніктердің айтуынша, заң бойынша үйдің сыртын жаңартуға болады, өйткені бұл – архитектуралық келбетке қатысты мәселе. Ал лифт – тұрғындардың ортақ меншігі, оны ауыстыру тек тұрғындардың қаржысына жасалуы керек. 

Семей қаласы әкімдігі тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың есебі бойынша бір лифтті ауыстыру үшін шамамен 15-16 миллион теңге қажет.

“Жергілікті атқарушы орган пәтер иелеріне 7-15 жылға 0,01% мөлшерлемемен бюджеттен несие береді. Бұл тұрғын үй саясаты бағдарламасында қарастырылған. Бұл сомаға монтаж, демонтаж және жеделсатының өзі кіреді. Әр пәтердің шаршы метріне қарай төлем кестесі жасалады”, – деді Диана Шаяхметова.



Еске салайық, бұған дейін Қарағандыдағы тұрғын үй кешенінде лифт үзіліп, бір адам көз жұмғанын жазған едік. Салынып жатқан тұрғын үй кешені нысандарының бірінде болған оқиға бойынша “Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

АҚШ Украинаға жаяу әскерлерге қарсы қолданылатын миналарды жеткізеді

Published

on

By

Джо Байден Ресей әскерлерінің шабуылын бәсеңдету үшін Украинаға жаяу әскерлерге қарсы миналарды жеткізуге рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Washingtonpost.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

. Фото: freepik.com

АҚШ осы тұста Украинадан мұндай оқ-дәрілерді халық тығыз қоныстанған жерлерде қолданбауды сұрады.

Джо Байденнің кетіп бара жатқан әкімшілігі Киевке жаяу әскерге қарсы миналар мен қоса салыстырмалы түрде алыс қашықтықтағы Аtacms зымырандарын пайдалануға рұқсат берді. (Ресей аннексиялаған Қырымдағы нысандар бойынша олар бұған дейін де әскери-теңіз күштеріне шабуылдаған). READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еуроодақ еуробондтардың көмегімен Ресейдің империялық амбициясын тоқтатуға ниетті

“Міндетті түрде жауап қайтарамыз”: Путин Ресейдің ядролық доктринасын жаңартты

Ал Ресей болса Украинаға шабуылдың басынан бастап жаяу әскерге қарсы миналарды еркін қолданған. Байден әкімшілігі мұндай миналарды Киевке жеткізгісі келмеді. Себебі олардың бейбіт тұрғындарға қауіпі басым. Оның үстіне басқа елдер мен халықаралық ұйымдар қарсылық танытты.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан орыс тілін насихаттауға жылына 43 миллион теңге жұмсамақ

Published

on

By

Мәжіліс депутаттары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен “Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы” шартты қабылдау туралы мәселені қарастырып, оның ратификациялап сенатқа жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рress-unity.com

Отырыс кезінде мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан аталған шарт Бішкекте 2023 жылғы 13 қазанда жасалғанын айтты.

“Ол халықаралық құқық субъектісіне ие үкіметаралық ұйымға айналатын “Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым” құруды көздейді. Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерімен қатар БҰҰ ресми тілі мәртебесіне ие екенін атап өткім келеді” , – деді Айгүл Құспан.

Депутат бұл шарттың мақсаты – ұйымға мүше елдер арасындағы достықты, татулықтың, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту екенін атап өтті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Мәжіліс отырысынан кейін журналистер алдына шыққан ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сенат қабылдап, президент қол қойғаннан кейін ұйым құрылатынын айтып берді. Оның айтуынша, онда министрліктер ұйымның жұмысы қалай жүретінін және хатшылыққа кімдердің енетінін келіседі.

Министр ұйымды құруға ел бюджетінен 43 миллион теңге құятынын атап өтті.



Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру бастамасы үшін алғысын білдірді. Путин бұл бастаманың маңыздылығы мен пайдалы екенін атап өтіп, орыс тілінің ТМД елдерінде ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін жоғары бағалады. 2023 жылдың қазан айында Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан осы ұйымды құру туралы шартқа қол қойған болатын. Қазір келісім Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан тарапынан ратификацияланды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Түркістан облысында 12 шенеунік пен бухгалтерлерден тұратын қылмыстық топ 3,7 млрд теңге жымқырды деп айыпталды

Published

on

By

Түркістан облысында білім бөлімінің лауазымды тұлғалары жұмыс істемеген жұмыс істемеген тұлғалар мен жеке шоттарға жалақыны заңсыз аударып келген. Олар осылайша мемлекеттік бюджетке 3,7 миллиард теңге көлемінде залал келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаменті Шардара ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын мәлімдеді.

“Ұйымдасқан топ 12 қатысушыдан тұрған. Оның ішінде бөлім басшылары мен олардың бағынысты бухгалтерлері білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару жолымен 2020-2023 жылдар кезеңінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенді. Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 3,7 миллиард теңге көлемінде залал келтірілді.

Қабылданған шаралармен жалпы сомасы 639,8 миллион теңгеге залал өтелді және мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің аяқталуы туралы есеппен прокуратураға жіберілді”, – делінген хабарламада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жымқыру тәуекелдерін барынша азайту мақсатында барлық өңірлерде бірыңғай бухгалтерлік есеп жүйесі енгізілгенін мәлімдеді. Бұл жоғары жалақы мен “жоқ жандарды” есептейтін, алаяқтықты уақтылы тоқтатуға, жалған деректердің енгізілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

Қазір әкімдіктер ай сайын білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылық есептерімен автоматты түрде салыстырып отырады. Кез келген сәйкессіздіктер екі рет тексерілетін болады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!