Connect with us

IN-THE-NEWS

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім қалыптасты

Published

on

By

Сыр өңірінде экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасты. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің Қызылордада өткен көшпелі брифингінде  хабарлады.

Аймақ басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобалар туралы баяндады.

“Бүгінгі күні Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында облысымыздың бюджеті 744 млрд теңгеден асты. Осыдан екі жыл бұрын 364 млрд теңге болатын. Өсім 204,4 пайызды құрады. Бюджетіміздің 55,4 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Облыстың даму бюджеті соңғы 2 жылда  3,6 есе артты.

Осы жылдың 10 айының қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім қалыптасты. Өңірлер арасында көшбасшылар қатарынан көріндік. Атап айтсақ, өнеркәсіп өндірісі-0,8, өңдеу өнеркәсібі-22,8, ауыл шаруашылығы-3, құрылыс жұмыстарының көлемі-50, тұрғын үй-7,4, көлік-3,5, сауда-6,5 пайызға өсті. Биылға жоспарланған 517 млрд. 500 млн. теңге инвестицияның 478 млрд. 300 млн.теңгесін 10 айда тарттық. Оның 74 пайызы – жеке инвестициялар”, – деді облыс әкімі.

Соңғы 2 жылда құны 19 млрд. 600 млн. теңге болатын 22 инвестициялық жоба іске қосылды. Биыл өңдеу өнеркәсібінде 10 млрд. 700 млн.теңгенің 13 жобасы жоспарланған. Бүгінде 9 жоба қолданысқа берілді. 

Арал шөгінді бассейнінің “Шығыс” және “Батыс” учаскелеріндегі геологиялық зерделеу жұмыстары осы жылдың соңында аяқталады. Биыл Сырдария бассейінін зерттеу жұмыстары басталуда. 

Сонымен қатар, “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясының бастамасымен “Торғай Палеозой” кен орнында тереңдігі 5 мың 500 метр ұңғыманы бұрғылау басталып, қазір шамамен 3 мың 820 метрге жетті. 

“Саутс Ойл” компаниясы “Құмкөл” кен орнындағы қиын өндірілетін тақтатас мұнайын дәстүрлі емес тәсілмен өндіру үшін жобалауды бастап, келер жылы іске кірісуді жоспарлауда. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы өңір экономикасын әртараптандыру жұмыстары қолға алынған. Осылайша мұнай қорының сарқылуы салдарынан соңғы 10 жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі кейінгі жылдары қыркүйек айынан бастап оң динамикаға шықты.

Облыс әкімі  шыны зауытының жұмысына тоқталды.

“2022 жылы іске қосылған шыны зауыты тұрақты өнім шығарып, оның 70%-ын ішкі нарыққа, 30%-ын Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузияға және Ресейге экспорттауда. Зауыт іске қосылғаннан бері 37 млрд. 100 млн. теңгенің 28 млн. 700 мың шаршы метр шынысын өндірді. Қазіргі таңда мұнда 400-ге жуық адам еңбек етеді. Биыл шыны зауыты жанынан шетелдік инвестордың 15 млн. АҚШ доллар қаржысына жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндіру жобасы іске қосылды. “Өндіріс” индустриялық аймағында шыны зауытының айналасынан ілеспе кәсіпорындар құру қолға алынды. Атап айтқанда, “Айна Гласс” серіктестігінің құны 1 млрд. 500 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 720 мың шаршы метр айна өндіру жобасының құрылысы басталды. Сонымен қатар, “Horn glass” неміс технологиясымен  жылына 220 млн. бөтелке өндіру, жылдық қуаттылығы 22 мың 600 шаршы метр шыңдалған шыны (стеклопакет) өндірісін кеңейту жобаларына тиісті жер телімі бөлініп, жобалау жұмыстары басталды, – деді Н.Нәлібаев.

Металлургия саласында “Шалқия” қорғасын-мырыш және “Баласауысқандық” ванадий кеніштерін игеру жалғасуда. 2030 жылға қарай еліміз өзінің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ағымдағы 4,5%-дан 15%-ға дейін арттыруды жоспарлаған. Облыс аумағында 89 мегаваттық 9 күн-электр станциясы жұмыс істейді. Оның үшеуі – шетелдік инвесторлар қатысуымен салынған ірі станция.

Биыл барлық қаржы көздерінен 63 млрд. 523 млн теңгеге жеке кәсіпкерліктің 3 мың 761 жобасы қаржыландырылды. Нәтижесінде кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Данияр Елеусінов әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Published

on

By

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sportplustv.kz/

Рио олимпиадасының чемпионы, жеңілістің дәмін татпаған Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы WBC чемпионы, америкалық Марио Барриосты жекпе-жекке шақырды.

“Өткен демалыс күндері WBC чемпионы Марио Барриос өте әлсіз өнер көрсетті. Оның қолынан Абель Рамосты екінші раундтың ортасында нокдаунға түсіру ғана келді. Марио, мен сені жеңетініме сенімдімін. Кез келген жерде, кез келген уақытта жекпе-жекке шығайық. Олимпиада чемпионы WBC чемпионына қарсы. Жанкүйерлерімізді қуантайық!” – деді Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Данияр Елеусінов 2025 жылдың ақпанында шаршы алаңға оралатыны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматы әкімдігі зағип жандарға кітапхана ашу үшін 892 миллион теңгеге кеңсе ғимаратын сатып алмақ

Published

on

By

Алматы әкімдігі көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған кітапхана ашуға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Алматы әкімдігі 892,8 миллион теңге тұратын тұрғын емес ғимаратты сатып алуға тендер жариялады. Қалалық мемлекеттік активтер басқармасының хабарлауынша, жаңа ғимарат көру қабілеті нашар адамдарға арналған мамандандырылған кітапханаға айналады.

Ғимарат Алматы қаласы Алмалы ауданында Төле би, Әди Шәріпов, Қарасай батыр және Есентай өзені көшелері алаңында орналасуы керек делінген.

Негізгі техникалық талаптар:

  • Салынған жылы – 1988 жылдан ерте емес;
  • READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • Ауданы – кем дегенде 3400 шаршы метр;
  • Қозғалысы шектеулі адамдар үшін пандустың болуы;
  • Төбенің биіктігі – 2,6 метрден кем болмауы керек.

Ғимарат барлық коммуникацияларға қосылып, коммуналдық қызметтерге қарызы болмауы керек. Өтінім 27 қарашада жабылады.

“Онда тактильді және дыбыстық технологиялары бар мамандандырылған жұмыс станцияларын орнату, қоғамдық өмірге интеграциялауға бағытталған білім беру және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастыру және кәсіптік оқыту, кездесулер, консультациялар және басқа да іс-шаралар өткізу үшін кеңістік жасайды”, – делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда 7 мыңға жуық көзі нашар көретін азамат тұрады және жоба соларға бағытталған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ернар Айдар өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды

Published

on

By

Белгілі әнші Ернар Айдар өмірін түбегейлі өзгерткен жол апатына қатысты шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/ernaraidar777

Өнер иесі 2017 жылы бойдақ кезінде жол апатына түскенін “Жақсы адамдар” бағдарламасында айтып берді.

“Күнім сен сөнбеші” деген әнімнен кейін болашақ жарыммен жолықтым. Алдымен, жол апатына түстім. Оған дейін бойдақ өмір сүрдік. Кейін үйленемін деп жүре бергенмін. Ата-анам да сұрай берді. Ол кезде нақты қызым да жоқ. Бәрін кейінге қалдырып жүрдім. Қызбен жүруге уақыт та жоқ. Солай 2017 жылы сәуірде гастрольдік сапарда жүргенде жол апатына түсемін. Мен аураханаға түскенде бәрі шулап кетті. Барынша шулатпайық деп, дәл сондай көлікті де таптық. Ата-анам көріп уайымдамасын деп дәл сондай көлікті сатып алдым. Бірақ біреу менің ота жасайын деп жатқан сәттегі суретімді, көлігімнің суретін жариялап жіберген. Солай бәрі шулап, ақпарат ата-анама да жетті. Олар келіп бірден “Үйленесін” деді. Содан шаңырақ көтеруді шынымен ойладым”, – деп бастады әңгімесін әнші. 



Сондай-ақ жол апаты денсаулығына қалай әсер еткенін де айтып берді. Сөзінше, 2-3 ай ауруханада жатқан көрінеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бір Алла сақтады. Жол апатында өмірім үш секундта өзгеріп кетті. Тым жақсы концерттен айқайлап шығып, бір мезетте жатып қалдым. Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті. Сол сәт өмірімді өзгертті. Жұмысым да, бәрі тоқтап қалды. Сол жағдайдан кейін үйленемін деп шештім. Сол уақытта Мадинамды да таптым”, – деді Ернар Айдар. 

Еске салайық, әнші тойға шығу үшін екі миллион теңге сұрайтынын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!