Connect with us

IN-THE-NEWS

Пентагон бір жылда 700-ден аса беймәлім нысан туралы хабарлама алды

Published

on

By

Американың терминдер сөздігінде белгісіз аномалды құбылыстар түсінігі жақында пайда болды. Бұрын көбіне “беймәлім ұшатын объектілер” (НЛО) деген тіркес қолданылатын. Алайда ғалымдар мен шенеуніктер белгісіз шығу тегі бар объектілердің бірден бөгде ғаламдық тіршілікпен байланыстырыла бастауына жол бермеу үшін жаңа аббревиатураны қолдана бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Golosameriki.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AFP

Деректер осы мақсатта 2022 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі құрамында құрылған аномалияларды зерттеу институтында өңделді.

Бір жылда зерттеу институтына кемінде 757 есеп келіп түскен. Мамандар тек 118 есептің шығу тегін анықтады. Бұл есептердің 70%-ы әуе шарлары мен аэростаттармен байланысты. Қалған анықталған объектілердің 16%-ы дрондар, 8%-ы құстар болып шықты. Басқасы спутниктер немесе ұшу аппараттары ретінде анықталған. Осы кезеңде көбі – 708 жағдай әуе кеңістігінде, ал тағы 49 жағдай ғарышта тіркелген. Ғарыштағы объектілер орбиталық құрылғылар емес, ұшақ пилоттары мен жерден бақылаушылардың көзіне түскен.

Пентагонның айтуынша, ешбір анықталған объект ғарыштық технологиялардағы революциялық жетістіктерді немесе АҚШ-тың шетелдік бәсекелестері тарапынан жасалған құрылғыларды дәлелдемейді.

“Беймәлім нысандардың ешқайсысы қауіп төндірген жоқ, тек біреуі ғана ерекшеленеді. Бір есепте Атлант мұхиты үстінде коммерциялық ұшақпен соқтығысуға жақын “цилиндрлік объект” туралы айтылады. Институт бұл оқиға бойынша тергеуді әлі де жалғастырып жатыр”, – деп жазылған мақалада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Пентагон құрылымындағы бөлімше ретінде жұмыс істейтін зерттеу институты географиялық қателерді мойындайды. Өйткені деректер тек АҚШ әскерилері орналасқан жерлерде жиналған. Мысалы, 100 есеп Шығыс Азияда орналасқан америкалық әскерилерден, тағы 57 есеп Таяу Шығыстағы АҚШ әскери қызметкерлерінен келіп түскен.

“Барлық беймәлім нысанның нақты шығу тегі анықталған жоқ. Дегенмен институт көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап беріп, онда мүлдем бөгде ғаламшарлық өмір немесе инопланеталық технологиялар туралы ешқандай дәлелдер табылған жоқ”, – деп түсіндірді ғалымдар.

Еске салайық, бұған дейін Ұлыбритания мен Германияның астрономдары Құс жолынан жаңа жұмбақ белгісіз нысанды тапқанын жаздық. Ол барлық белгілі нейтрондық жұлдыздардан ауыр және ең жеңіл қара құрдымдардан да жеңіл. Бұл нысан миллисекундтық нысанды (айналу периоды 1-ден 10 миллисекундқа дейінгі диапазондағы пульсар) маңында айналады және бізден 40 мың жарық жылы қашықтықта орналасқан. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Алматы әкімдігі зағип жандарға кітапхана ашу үшін 892 миллион теңгеге кеңсе ғимаратын сатып алмақ

Published

on

By

Алматы әкімдігі көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған кітапхана ашуға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Алматы әкімдігі 892,8 миллион теңге тұратын тұрғын емес ғимаратты сатып алуға тендер жариялады. Қалалық мемлекеттік активтер басқармасының хабарлауынша, жаңа ғимарат көру қабілеті нашар адамдарға арналған мамандандырылған кітапханаға айналады.

Ғимарат Алматы қаласы Алмалы ауданында Төле би, Әди Шәріпов, Қарасай батыр және Есентай өзені көшелері алаңында орналасуы керек делінген.

Негізгі техникалық талаптар:

  • Салынған жылы – 1988 жылдан ерте емес;
  • READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • Ауданы – кем дегенде 3400 шаршы метр;
  • Қозғалысы шектеулі адамдар үшін пандустың болуы;
  • Төбенің биіктігі – 2,6 метрден кем болмауы керек.

Ғимарат барлық коммуникацияларға қосылып, коммуналдық қызметтерге қарызы болмауы керек. Өтінім 27 қарашада жабылады.

“Онда тактильді және дыбыстық технологиялары бар мамандандырылған жұмыс станцияларын орнату, қоғамдық өмірге интеграциялауға бағытталған білім беру және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастыру және кәсіптік оқыту, кездесулер, консультациялар және басқа да іс-шаралар өткізу үшін кеңістік жасайды”, – делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда 7 мыңға жуық көзі нашар көретін азамат тұрады және жоба соларға бағытталған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ернар Айдар өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды

Published

on

By

Белгілі әнші Ернар Айдар өмірін түбегейлі өзгерткен жол апатына қатысты шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/ernaraidar777

Өнер иесі 2017 жылы бойдақ кезінде жол апатына түскенін “Жақсы адамдар” бағдарламасында айтып берді.

“Күнім сен сөнбеші” деген әнімнен кейін болашақ жарыммен жолықтым. Алдымен, жол апатына түстім. Оған дейін бойдақ өмір сүрдік. Кейін үйленемін деп жүре бергенмін. Ата-анам да сұрай берді. Ол кезде нақты қызым да жоқ. Бәрін кейінге қалдырып жүрдім. Қызбен жүруге уақыт та жоқ. Солай 2017 жылы сәуірде гастрольдік сапарда жүргенде жол апатына түсемін. Мен аураханаға түскенде бәрі шулап кетті. Барынша шулатпайық деп, дәл сондай көлікті де таптық. Ата-анам көріп уайымдамасын деп дәл сондай көлікті сатып алдым. Бірақ біреу менің ота жасайын деп жатқан сәттегі суретімді, көлігімнің суретін жариялап жіберген. Солай бәрі шулап, ақпарат ата-анама да жетті. Олар келіп бірден “Үйленесін” деді. Содан шаңырақ көтеруді шынымен ойладым”, – деп бастады әңгімесін әнші. 



Сондай-ақ жол апаты денсаулығына қалай әсер еткенін де айтып берді. Сөзінше, 2-3 ай ауруханада жатқан көрінеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бір Алла сақтады. Жол апатында өмірім үш секундта өзгеріп кетті. Тым жақсы концерттен айқайлап шығып, бір мезетте жатып қалдым. Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті. Сол сәт өмірімді өзгертті. Жұмысым да, бәрі тоқтап қалды. Сол жағдайдан кейін үйленемін деп шештім. Сол уақытта Мадинамды да таптым”, – деді Ернар Айдар. 

Еске салайық, әнші тойға шығу үшін екі миллион теңге сұрайтынын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

"Бір жылап алдым жатарда": Гүлнұр Мамасарипова туған күнін Катарда тойлады

Published

on

By

Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова 50 жасын Катар елінде қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

. Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/

Кинопродюсер жаңа жасын құрбыларымен шетелде қарсы алды.

“Шығып кетіп сапарға! Келіп қалдық Катарға… 50-дегі құрбылар, Мен қосылдым қатарға”, – деп жазды продюсер. 

“Маған да жан керек”: Гүлнұр Мамасарипова жеке өмірі туралы сыр шертті

“Tesla-ға бәсеке өнім шығарған күні кино түсіруді қоямын”: Гүлнұр Мамасарипова өзін сынағандарға жауап берді

Одан кейін өнердегі құрбысы, әнші Ерке Есмахан туған күн иесіне әзіл өлең жолдады.

“Райм мені жібермеді Катарға, қосыла алмай қатарға, осы видеоны көрген соң, бір жылап алдым жатарда”, – деп жазды әнші.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Желі қолданушылары сүйікті әншілерінің суырыпсалма ақын екенін қызу талқылап жатыр. 

Еске салайық, медиа маманы “Ақыл айтуды жастарға бердік” деп өзін сынайтындарға үндеу жасаған еді. 

 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀Гүлнұр Мамасарипова (@gulnur_mamasaripova)

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!