Connect with us

IN-THE-NEWS

Депутат Бапи Назарбаева мен “Ескі Қазақстанды” сағынғандарды тексеруге шақырды

Published

on

By

Бірмандатты округ бойынша сайланған мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға әлеуметтік желілердегі ақпараттық шабуылға қатысты депутаттық сауал жолдады. Онда ол Ескі Қазақтанды аңсаушылар желіде үгіт-насихат жүргізіп, қоғамдық санаға іріткі салып жүргенін айтып, үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Депутат Ермұрат Бапи, ең әуелі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін еске салып, желідегі “әдемі өмірдің” қандай екенін айтып берді.

“Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбекерлерінің бірінші форумында “Бүгінде әлеуметтік желілердегі әдемі өмір мен “сәтті жетістік” деп аталатын агрессивті жарнама адамдарда бәріне қол жеткізу оңай және қарапайым деген ой тудырады. Кейбір жастар осыған сеніп, қымбат уақыттарын босқа өткізеді. Шыны керек, кез келген жетістіктің артында тынымсыз еңбек жатыр” деді. Міне, осы “сәтті жетістік” бүгінде қоғамдық пікірге, ықпал ету саясатына ауыз сала бастады”, – деді Ермұрат Бапи.

Ермұраттың Бапидің айтуынша, таяуда әлеуметтік желілер арқылы парламент сенатының бұрынғы басшысы Дариға Назарбаеваны жер-көкке сыйдырмай мақтаған видео тараған. 

“Әлбетте, тақырыпқа желеу болған персонаждың басқалардан адами артықшылығы болса, оған мүлдем дау жоқ. Бірақ, бұл адам, Дариға ханым… Кешегі елдегі екінші басшы ретінде жоғары саяси лауазымды адам болғанын ұмытпауы керек. Сондықтан мұны бұрынғы саяси режимнің артықшылығын дәріптеуге арналған, қоғамдық санаға сіңірілмек саяси монипуляция деп қабылдау керек. Әсіресе қазақ қоғамына. Іріткі салуға астыртын бағытталған, “ескіні” аңсау үрдісі сипат ала бастаған сияқты. Желі арқылы тарап жатқан мұндай монипуляцияға, Жаңа Қазақстанды саяси жік-жікке бөлу, өш алу, есе қайтару, қайтып келу әлпетін сезіну қиын болмаса керек”, – деп түсіндірді депутат.

Депутат Қаңтар оқиғасындағы қантөгіске тікелей қатысы бар теріс діни ағым иелері ендігі жерде қоғамның саяси санасына қиқым салуға белсенді түрде кірісіп жатқанын мысалға келтірді.

“Бұған “сәтті жетістікке” жеткендер мұрындық болып отыр. Қаңтар кезінде қашып кеткендер, қазір біртіндеп оралып жатыр. Енді олар ел ішіне ұлттық мұра мен салт-санаға қарсы идеологияны үйіріп, реваншистік саясатты қоғамға сіңіруге қам жасап жатыр. Мақсат – онсызда әзірге ала-құла қоғамға әлеуметтік протестік теңсеріспен толқылулар тудыру. Тараламы, оқырманы миллионға жуық желілерге, ресурстарға қаржылай көмек беру арқылы оларды өз бауырларына басып, ашық платформалар арқылы ашық саяси теңсерістер тудыруға ниетті”, – деді мәжілісмен.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

Бұдан бөлек Ермұрат Бапи оған дәл осындай инсайдерлік ақпараттың бірнешеуі жеткенін атап өтті. 

“Бүгінгі билік отставкаға кетеді”, “мерзімінен бұрын өтетін сайлауға дайындық жүріп жатыр”, “Депутаттардан ұят кетті” деген сияқты жалаң трендтердің әлеуметтік желіде еркін тарауына, сол реваншистердің қолтыққа су бүрку әрекеттері себеп болып отыр. Мұның бәрі “бұрынғының кезінде мұндай болмаған”, “бұрынғының кезінде жақсы еді” деген тезисті тарату арқылы қоғамдық санаға солақай саңылау салудың саясат технологиясы деп қабылдау керек. Сонымен қатар бұрынғы билікті аңсаушылар ушықтырып, қазақтар мен жалпы мұсылмандар дүниесін Жаңа Қазақстанға айдап салып жүрген діни-саяси әрекеттер әшкереленуі керек. Қазақтың мыңжылдық ұлттық мұраттары мен дәстүрлері шариғатпен емес тиісті заң нормаларымен реттелуге тиіс”, – деп қорытындылады мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи.



Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Никита Шаталов та ел экономикасын басқаруда  “Ескі қазақстанның” кейбір әрекеттері қайталанбауы қажеттігін айтқан еді. 

“Либерализация қитұрқы әрекеттерге төзбейді. Бұрын жекешелендіруді желеу етіп, инфрақұрылым, денсаулық сақтау мен білім беру нысандары, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар кім көрінгеннің қолына өте беріп, бекерге сатылды. Бұл үрдіс қайталанбауы керек”, – деді Никита Шаталов.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Тоқаев қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

Published

on

By

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы, ең алдымен, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп,  Будапештке алғашқы мемлекеттік сапары қазақ-мажар стратегиялық серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашатынын жеткізді.

“Биыл Қазақстан мен Мажарстанның Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында біз өзара сенім мен ортақ мақсаттарға негізделген тығыз ынтымақтастықтың іргесін қаладық. Мажарстанның Қазақстанға құйған инвестициясы 370 миллион долларға жетті. Елімізде мажарлардың 70-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында MOL Group және Gedeon Richter секілді компаниялар бар. Қазіргі таңда машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында жалпы инвестиция көлемі 540 миллион доллардан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр”, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан жаңа саяси және экономикалық парадигмаға бет бұрғанын айтты. Білім мен инновацияны ту еткен өзгерістер бұл үдерістің басты қағидатына айналады.


Тоқаев Сербия президентіне Алматының апортын сыйға тартты READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Президент Мажарстан бизнесмендеріне энергетика, сирек кездесетін материалдарды өндіру, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, цифрландыру, қаржы нарығы секілді маңызды салаларда инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың келешегі зор екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мажар компанияларының басшыларын келесі жылы мамыр айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Инвестициялық дөңгелек үстел барысында Мажарстанның Қаржы министрі, Қазақ-мажар экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Михай Варга мен ірі компаниялардың жетекшілері сөз сөйледі.

Ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымын цифрландыру, білім салаларына және бірлескен  инвестициялық жобаларды қолдауға қатысты 7 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қызылорда облысы орталығында қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешілді

Published

on

By

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осы туралы мәлім етті.

“Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында 300 жаңа автобус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толығымен шешімін тапты”, – деді аймақ басшысы.

Мұнан бөлек, “Қазақстан Темір Жолы” компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеге жуық қаржыға теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа автовокзалда 38 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның 1-уі халықаралық, 7-уі облысаралық, 30-ы ауданаралық бағытта.

Экотакси қызметін құру бойынша алынған 100 электромобильдің барлығы тұрғындарға қызмет көрсетуде.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Таразда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты (видео)

Published

on

By

Таразда жедел жәрдем жүргізушісі мен ер адамның төбелелесіп жатқан видеосы желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Видеода полицейлердің ер адамдарды ажыратып жатқанын байқауға болады.

“Мас күйінде көлік жүргізіп, әйелін перзентханаға әкелген ер адам жедел жәрдем жүргізушісін себепсіз ұрып жіберген. Түсіріп тұрған мен фельдшермін. Полицей ақшасын алып, ер адамды жібере салды”, — делінген видеоның астындағы жазбада.


Еңбек демалысы үшін жанжалдасқан: Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкері әріптесінің үйін өртеп кеткен READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамға қатысты шара қолданылғанын алға тартты.

“Бұл видеоға қатысты полиция қызметкерлері арыз тіркеді, құжаттар сотқа жіберілді. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды”, – деп хабарлады полиция басқармасы.

Еске салсақ, осыған дейін Ақмола облысындағы Степногорск қаласында жедел жәрдем қызметкері Светлана Оксютаға міндеттерін орындау кезінде шабуыл жасалғанын жазғанбыз.


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!