Connect with us

IN-THE-NEWS

Ауыл шаруашылығына арналған тиімді несиенің барын білесіз бе?

Published

on

By

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер агронесие алып, өз кәсібін дамыта алады. Stan.kz агенттігі мен Центр Кредит Банкі бүгінгі материалында агронесиенің кәдімгі несиеден қандай айырмашылығы барын және оның несімен тиімді екенін түсіндіреді. 

Иллюстрация: Stan.kz

Агронесие деген не?

Агронесие –  ауыл шаруашылығын дамытатын, жоғары әрі сапалы бәсеке тудыратын, кәсіптің қаржылай жағдайын тұрақты ететін маңызды құралдың бірі. Бұл несиені банк пен басқа да қаржы ұйымдары береді. Агронесиенің арқасында фермерлер мен агроөнеркәсіп иелері қаржылай қолдауға ие болып, кәсібіне тыңайтқыш, тұқым, техника сияқты қажет заттарын ала алады, фермасын жөндеуге мүмкіндігі бар. Мәселен олар агронесие арқылы: 

  • Ауыл шаруашылығы кәсібін модернизациялай алады. Кәсіпкер ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажет жаңа техникаларды, құрылғыларды сатып алып, шығынын азайтып, жұмысының өнімділігін арттырады.
  • Кәсібін кеңейте алады: Қосымша қаражат өнеркәсібінің ауқымын көбейтуге көмектеседі. Мәселен, адам несиеге жер сатып алып, онда егін егіп, шаруасын дөңгелете алады. 
  • Жаңа бағыт қоса алады: Фермерлер жаңа тұқым түрін егіп немесе ірі қара малдың басқа түрін бағып, кәсібін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Оған қоса фермерлер агротуризмге немесе өнімді өңдеуге инвестиция салуына болады.

Агронесиенің кәдімгі несиеден қандай артықшылығы бар?

Агронесие кәдімгі несиелерге қарағанда ұзақ мерзімге беріледі. Оған қоса мемлекет елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосу үшін түрлі қайтарымсыз гранттар, субсидия бөледі. Соның арқасында агронесиенің пайыз мөлшерлемесі әлдеқайда төмен болады. Дегенмен агронесиені алған адам қаржыны тек сол ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін ғана жұмсауы керек. Бұл мақсатты несие түрі болып саналады. Сол себепті агронесиені алам дейтіндердің тіркелген шаруа қожалығы, бизнес жоспары болуға тиіс. 

Елімізде ауыл шаруашылығына арналған қандай несие бағдарламалары бар? READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстанда Аграрлық несие корпорациясы бар. Олардың мақсаты – қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесу. Олар шаруа қожаларына қарызды несие серіктестері, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, аймақтағы инвестиция орталықтары арқылы береді. Аграрлық несие корпорациясы түрлі несие бағдарламасын ұсынады. Мәселен, олардың Кең дала, Кең дала 2, Іскер, Агробизнес, Жастарды шағын несиелеу деген бағдарламалары бар.

Агробизнес – ауыл шаруашылығына қажет негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, айналым капиталын қаржыландыру және инвестиция жобаларын іске асыру үшін несие беретін бағдарлама. 

Іскер – ауыл шаруашылығына қажет негізгі техникаларды сатып алуға және айналым капиталын қаржыландыруға несие беретін бағдарлама. 

Жастарды шағын несиелеу –  21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығын дамыту үшін несие беріп қолдайдын бағдарлама. 

“Кең дала” және “Кең дала 2” – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыруға несие беретін бағдарлама. 

Центр Кредит Банк арқылы агронесиені қалай алуға болады?

Мәселен, Центр Кредит Банк арқылы “Кең дала” деген бағдарламасы бойынша агронесие алуға болады. Бұл несие көктемгі  егіс және егін жинау жұмыстарына айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі. Бұл арқылы кәсіпкер 5 миллион теңгеге дейін несиені ешқандай кепілсіз әрі комиссиясыз ала алады. Банк небәрі бес минутта сізге несие беріп-бермейтінін айтады. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі – 23,75%. 

Дегенмен агронесиені алғысы келетіндерге қойылатын бірнеше талап бар. Біріншіден, кәсіпкер қызметін кем дегенде 3 жыл жүргізген болуға тиіс. Екіншіден, бидай, күнбағыс, рапс, күнбағыс, қарақұмық өсіретіндердің әр дақылға 90 гектар алқабы болуы керек. Үшіншіден, статистикалық есептілік немесе ЖАО-дан егілген алқап туралы анықтама қағазы болуы қажет. Төртіншіден, бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық сияқты дақылдарды жинауы керек. Бағдарламаға Семей, Астана, Көкшетау, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Петропавл сияқты қалаларда тұратын және ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалары қатыса алады.

Несиені рәсімдеу үшін bbc.kz сайтына кіріп, төмен жақта орналасқан кесте аты-жөніңізді, нөміріңізді және ЖСН нөміріңізді жазсаңыз болғаны. Несиенің тәуліктің кез келген уақытында рәсімдеуге болады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Депутаттар IT саласына бөлінген қаржының қайда кеткенін анықтады

Published

on

By

Мәжілісте IT салсын дамытуға бөлінген қаражаттың тиімділігі туралы қызу талқы болды. Депутаттар инновациялық жобаларды мемлекеттік қолдауға бөлінген миллиардтардың қайда жұмсалғанын анықтауға тырысты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Мәжіліс

Парламентарийлер Astana Hub технопаркінің басшылығы мен оның қаржылық есептілігіне күмән келтіріп, цифрлық даму министрлігінің өкілінен нақты түсініктеме талап етті.  

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев технопаркке берілген салық жеңілдіктері мен миллиардтаған қаражаттың қайтарымсыз жұмсалып жатқанын алға тартты.

“Миллиардтар бөлінді, салық жеңілдіктері берілді, мемлекеттік қолдау көрсетті. Технопарк шамамен 10 жыл бұрын құрылған. Бір Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңге ұрлады деп бүкіл Қазақстан шулап жатыр. Ал ұл жобаға қанша миллиард жұмсалды? Біз әлі күнге дейін жобаның өзін-өзі қамтамасыз ететін уақытын күтіе жүрміз”, – деді Баққожаев.

Вице-министрдің айтуынша, соңғы жылдары IT-саласы мен Astana Hub жобаларының экспорты он есеге өсіп, жалпы көлемі 500 миллиард теңгеге жеткен. Алайда бұл мәліметтер депутаттардың күмәнін сейілте алмады.  


Депутат Бапи Назарбаева мен “Ескі Қазақстанды” сағынғандарды тексеруге шақырды


Депутат Мұқаш Ескендіров те технопарк қызметінің адалдығына күмән келтірді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Түсініксіз сандар көрсетілген. Astana Hub қанша қаражат тауып жатқанын, қаражатты қайда жұмсап жатқанын ешкім түсінбейді”, – деді ол.  

Мәжіліс отырысында кейбір заңнамалық өзгерістерге қатысты да сын айтылды. Депутат Бақытжан Базарбек жаңа түзетулерді “жасырын тонауға” теңеп, бұл нормалардың болашақта үлкен мәселелер тудыруы мүмкін екенін ескертті.  

“Сіз қазір ақшаны еркін пайдалануға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық нормасын бекіткеніңізді түсінесіз бе? Бұл жасырын тонаудың бір түрі сияқты”, – деді ол.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин депутаттарды салық жеңілдіктерін қысқартпауға шақырды. Оның айтуынша, жеңілдіктер Қазақстанға халықаралық компанияларды тартуға мүмкіндік беріп отыр.

“Егер бұл өзгерістер қабылданса, шетелдік компаниялар Армения сияқты басқа елдерге кетуі мүмкін. Сондықтан сабярмен шыдауларыңызды сұраймын”, – деп ескертті ол.  

Депутат Екатерина Смышляева инновациялық саланы дамыту мақсатында салық жеңілдіктері мен арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы әлемдік тәжірибе екенін атап өтті. Дегенмен, ол министрлікке IT-саланың Қазақстан экономикасына нақты әсерін бағалайтын әдістеме әзірлеуді ұсынды.  

Еске салсақ, мәжіліс депутаты Сергей Пономарев “Арт-спорт” және “Даму бала” бағдарламаларын сынға алды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сыр өңірінде жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 92 пайыздан асты

Published

on

By

Сыр өңірінде жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 92 пайыздан асты.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады.

Биыл Қызылорда облысында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 44 млрд. 703 млн теңгеге 300 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті. Облыс орталығының негізгі көшелері әуежайдан Бейбарыс сұлтан көшесіне дейінгі аралық, қалаға Шиеліден кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр магистралды көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы төрт жолақты болып кеңейтілді.

Қызылорда қаласында 4 млрд. 700 млн. теңгеге Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол асты автожолы, Арал, Жаңақорған аудандарында теміржол үстінен аспалы көпір құрылыстары жүруде.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, жылдар бойы күн тәртібінен түспеген “Қызылорда-Жезқазған” автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылуда. Жоба құны – 108 млрд. 500 млн теңге. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 140 шақырымы аяқталды. Қалған бөлігі 2026 жылы ел игілігіне беріледі.

Мұнан бөлек, көпшілікті толғандырған “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбеге дейінгі аумағын төрт жолақтыға айналдыру мәселесі де Мемлекет басшысының тапсырмасымен шешімін табуда. Халықаралық дәліздің осы аумағын 1-санатқа ауыстыру бойынша “ҚазАвтоЖол” акционерлік қоғамы жоба-сметалық құжаттама әзірлеуде.

Биыл Қызылорда қаласының шет аймақтарындағы ұзындығы 43 шақырым болатын 46 көшені орташа жөндеуге 3 млрд. 217 млн. 300 мың.теңге бөлініп, жұмыс толық аяқталды.

Сонымен қатар, 29 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қызылордада инвестор қаржысына жаңа жылу-электр орталығы салынуда

Published

on

By

Қызылордада инвестор қаржысына жаңа жылу-электр орталығы салынуда.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес Сыр елінде ірі жоба жүзеге асуда. Қызылорда қаласында 215 млрд.теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Президентіміздің тікелей қолдауымен бүгінде инвестор – “Акса Энерджи” түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 127 млрд.теңге инвестиция салды. Орталық келер жылдың қыркүйек айында ел игілігіне табысталады. Құрылыс барысы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында. Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына бой көтерген ең ауқымды, теңдессіз жоба”, – деді аймақ басшысы.

Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін 773 қызметкер озық технологиялармен жабдықталған заманауи ғимаратта жұмыс істейтін болады.

Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!