Connect with us

IN-THE-NEWS

Телефондағы мемлекеттік жүйе арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады

Published

on

By

Қазақстанда телефондағы мемлекеттік жүйе арқылы азаматтардың несие тарихы қадағаланбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: pexels.com

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” акционерлік қоғамы eGov мобильді қосымшасында “Несие және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық” қызметі іске қосылғанын мәлімдеді.

“Бұл қызмет “Мемлекеттік несие бюросы” АҚ мәліметтері бойынша ақпарат беретін “Несие беру” және “Сақтандыру” деген екі бөлімнен тұрады. “Несие беру” бөлімінде пайдаланушыға кейінгі бес жылдағы несие тарихы туралы есеп, белсенді несиелік міндеттемелер туралы ақпарат және скорингтік балл (пайдаланушының несиелік қабілеттілік деңгейінің көрсеткіші) ұсынылады”, – делінген хабарламада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жоғарғы сот кейбір қазақстандықтардың несиесін кешіруді ұсынды Қазақстан алдағы уақытта несие берушіден қарыз алушы елге айналмақ – Қаржы сарапшылары

Деректерге сәйкес, “Сақтандыру” бөлімінен бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ бонус-малус класы туралы ақпарат табуға болады.

Бұған дейін қазақстандық банктердің онлайн несие беру кезінде SMS-пароль жіберуге міндеттелетіні туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге дейін жетті

Published

on

By

Британиялық ғалымдар ғарыштағы галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге дейін жеткенін мәлімдеді. Деректерге сәйкес бір галактика көршілер төрт галактикаға соғылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ESO

Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналының мәліметіне сәйкес соқтығысу Квинтет Стефана деген атпен белгілі галактикалар тобында болған. Нысан Жерден 290 миллион жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ғалымдардың сөзінше, NGC 7318b галактикасы сағатына 3,2 миллион шақырым жылдамдықпен келіп өзге төрт галактикаға соғылған. Салдарынан реактивті ұшақтан шығатын дыбысқа ұқсас дыбыс толқыны туындаған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Хартфордшир университетінің астрофизигі Марина Арнаудова NGC 7318b газ бен плазмалардан тұратын “қоқыс алаңына” соғылған. Мұндай соқтығысу салдарынан жұлдыздар пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл құбылыс галактикалардың өзара әрекеттесуін, құрылымы қалай пайда болатынын зерттеуге мүмкіндік береді дейді. 

Квинтет Стефана галактикалар тобын астроном Эдуард Жан-Мари Стефан 1877 жылы ашқан. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Израиль Ливандағы тұрғын үйлерге әуе соққысын жасады

Published

on

By

Израиль әскерінің Ливан астанасы Бейрутқа жасаған жаппай әуе шабуылынан тұрғын үйлер мен бейбіт халық зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ВВС

Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әуе соққысынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.

Ливан Ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, ел астанасының халық тығыз орналасқан Баста ауданында бес зымыран шабуылы нәтижесінде 8 қабатты ғимарат толығымен қирады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Израиль шабуылы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 (GMT 0200) шамасында болды.

Израиль әскерилері жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрін қамауға алуға ордер берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда пошта қызметкері зейнеткерлердің атына миллиондаған несие рәсімдеп тастаған

Published

on

By

Қостанай облысында пошта қызметкері зейнеткерлерді алдап, олардың атына бірнеше несие рәсімдеп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше күдікті зейнеткерлерден хатты алғанын растау үшін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын алу тәртібін жеңілдету деген желеумен суретке түсіріп алған. Кейін мобильді қосымшалар арқылы олардың атына несие мен займдар рәсімдеген.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Қостанай ауданының бес зейнеткері алаяқтықтың құрбаны болды. Мәселен, екі зардап шегушінің әрқайсысына 1 млн теңгеден несие, ал қалғандарының атынан шағын несие рәсімдеген. Жалпы материалдық шығын 2,3 млн теңгеден асты”, – делінген хабарламада. 

Алаяқтықтың бірнеше эпизодтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!