Connect with us

IN-THE-NEWS

Мәжіліс депутаты Баққожаев үй жануарларын стерильдеу әдісінің тиімділігіне күмәнданды

Published

on

By

Мәжілісте “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заң жобасына арналған дөңгелек үстел барысында депутат Анас Баққожаев үй жануарларын стерильдеу әдісінің тиімділігіне күмән келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Бұл тақырыпты қозғаған кезде мәжілісмен Анас Баққожаев әріптестерін күлдіріп алды.

“Кез келген биологиялық тіршіліктің басты мақсаты – көбейіп, ұрпақ қалдыру. Мен де ұрпақ жалғастырғым келеді, бәрі көбейгісі келеді. Микробтар да көбейгісі келеді. Солай ма? Күлмеңіздер. Бірақ стерильдеу туралы айтқанда, біз жануарларды осы мүмкіндіктен айырамыз. Стерильдеуді талап етуді тиімді әдіс деп санайсыздар ма?” – деп сұрақ қойды депутат.

Бұл мәселеге жауап ретінде заңгер және жануарларды қорғаушы Ольга Ченцова жануарлардың көбеюін бақылаудың маңызын атап өтті.

“Бәрі әрқашан көбейгісі келе бермейді, бұл бір. Адамдар да әрайым ұрпақ сүйгісі келе бермейді. Ал иттер мен мысықтарға келсек, егер олардың көбеюіне үнемі рұқсат берсек, қаншама жануар пайда болады? Миллиардтар, миллиондар болатынын түсінесіз бе? (…) Сондықтан көбеюге рұқсат беру мүмкін емес”, – деді Ченцова.

Зооқорғаушының айтуынша, жануарлар кастрациядан зардап шекпейді, керісінше, өзін жақсы сезінеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Менің үйімде көшеден алынған үш ит бар, олардың бәрі кастрацияланған және өзін өте жақсы сезінеді. Олардың ешқайсысы көбейе алмайтынына қиналмайды, бұл – шындық. Сондықтан көбею туралы айтсақ, сандар геометриялық прогрессиямен өседі, бұл мүмкін емес нәрсе”, – деп түсіндірді ол.

Осы сәтте әңгімеге модератор, депутат Еділ Жаңбыршин араласты.

“Ер адамдардан басқасын стерильдеуге болады дегеніңіз бе сонда?” – деп сұрады мәжілісмен.

“Иә, дұрыс түсініп отырсыздар. Біз стерильдеу, кастрация және сүндеттеуді ажырата білуіміз керек. Бұл – әртүрлі нәрселер. Сүндеттеу – пайдалы процедура, кастрация – гормоналды функцияны тоқтату, ал стерильдеу – басқа. Кастрацияланған иттер мен мысықтар шамамен бір жарым жылға ұзақ өмір сүреді. Себебі онкологиялық аурулардың және басқа да қауіптердің алдын алады. Сондықтан олардың ешқайсысы зардап шекпейді”, – деп қорытындылады Ольга Ченцова.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында қаңғыбас иттер тұтас бір қаланы үрейде ұстап отырғанын жазған едік. Елордадан шалғайда орналасқан Қосшыда қаңғыбас иттер көпқабатты үйлердің ауласында, аялдамалар мен көшелерде қаптап жүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жануарлардың мектеп оқушыларына да шабуыл жасауы ықтимал. Көпбалалы ана Гүлжанат Жұмашева балаларын үйден жалғыз қалдыруға қорқатынын айтты. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Израиль Ливандағы тұрғын үйлерге әуе соққысын жасады

Published

on

By

Израиль әскерінің Ливан астанасы Бейрутқа жасаған жаппай әуе шабуылынан тұрғын үйлер мен бейбіт халық зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ВВС

Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әуе соққысынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.

Ливан Ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, ел астанасының халық тығыз орналасқан Баста ауданында бес зымыран шабуылы нәтижесінде 8 қабатты ғимарат толығымен қирады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Израиль шабуылы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 (GMT 0200) шамасында болды.

Израиль әскерилері жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрін қамауға алуға ордер берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда пошта қызметкері зейнеткерлердің атына миллиондаған несие рәсімдеп тастаған

Published

on

By

Қостанай облысында пошта қызметкері зейнеткерлерді алдап, олардың атына бірнеше несие рәсімдеп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше күдікті зейнеткерлерден хатты алғанын растау үшін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын алу тәртібін жеңілдету деген желеумен суретке түсіріп алған. Кейін мобильді қосымшалар арқылы олардың атына несие мен займдар рәсімдеген.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Қостанай ауданының бес зейнеткері алаяқтықтың құрбаны болды. Мәселен, екі зардап шегушінің әрқайсысына 1 млн теңгеден несие, ал қалғандарының атынан шағын несие рәсімдеген. Жалпы материалдық шығын 2,3 млн теңгеден асты”, – делінген хабарламада. 

Алаяқтықтың бірнеше эпизодтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматы облысында жасөспірім 3100 метрлік шыңға көтеріліп, қайта түсе алмай қалған (видео)

Published

on

By

Алматы облысында Іле Алатауы тауларында құтқарушылар 16 жастағы жасөспірімді 3100 метрлік шыңнан түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше 22 қарашада күндіз 112 пультіне 2008 жылы туылған жасөспірім жүгінген. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Ол теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте орналасқан Букреев шыңына көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған. Онымен байланыс болды, таулы жерде ол жалғыз болған. Құтқарушылар баланың көтерілу бағытын анықтап, аумақты тексеруге кірісті. Жасөспірімді тауып алған ТЖМ қызметкерлері жасөспірімді таудан түсіріп, Алматыға жеткізді. Оны туыстары күтіп тұрған еді. Оған барлық қажетті көмек көрсетілді”, – дейді құтқарушылар. 

Төтенше жағдайлар министрлігі осындай тауға көтерілулер бірқатар ережелер қатаң сақталған жағдайда ғана қауіпсіз екенін еске салды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!