Connect with us

IN-THE-NEWS

Тізімге қос қытайлық марка енді

Published

on

By

“Қазақстанның автокөлік одағының” мамандары Қазақстанда ең танымал бес көлік маркасын атады. 2024 жылдың алғашқы он айының қорытындысы бойынша тізімге қос қытайлық бренд енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: hyundai.com

Одақ дерегіне сәйкес 2024 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында экспортты қоса есептегенде Hyundai маркасы ең танымал деп танылды. Бұл марканың елде 31 957 көлігі сатылған.

Келесі орында Chevrolet маркасы орналасты, биыл алғашқы он айда 24 957 бірлік көлік сатылды. Ал үшінші орында Kia маркасының 20 135 бірлік көлігі сатылды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Төртінші және бесінші орында қытайлық көлік маркалары тұр. Алғашқы 10 айда Jac маркасының 10 772 бірлігі сатылыпты. Ал Jetour маркасының 8 680 көлігі өз иесін тапты.

Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (21 126 бірл.), Hyundai Tucson (16 401 бірл.), Kia Sportage (7 452 бірл.), Hyundai Elantra (4 606 бірл.) және Jetour X70 (4 275 бірл.) көліктері көп сатылған. 

Ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша, қазан айында Қазақстанда жалпы құны 189,8 миллиард теңге болатын 14 885 бірлік көлік құрастырылған. Өндіріс көлемі 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 2,8% ұлғайды. Жалпы он айда елдегі зауыттар 107 128 бірлік техника құрастырды, оның ішінде жеңіл автомобиль саны – 96 554 (-14,4%), жүк көліктері – 6 404 (-14,7%), автобустар – 2 207 (-3,1%). Сонымен қатар жалпы құны 1,39 трлн теңге болатын 1 504 бірлік тіркеме мен жартылай тіркеме және 459 бірлік басқа арнайы техника жасалды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Маман тоңазытқышта тұрса тез бұзылып кететін өнімдерді атады

Published

on

By

Каталония ашық университеті медицина факультетінің профессоры, тамақтану бойынша сарапшы Ампаро Гамеро кей өнімдерді тоңазытқышта сақтамауға кеңес берді. Сөзінше, суықтың әсерінен өнімдердің дәмі бұзылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gloucestershire Live басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Гамероның сөзінше, сарымсақты тоңазытқышта сақтауға болмайды. Себебі суықта сарымсақ өніп кетеді. 

“Сақтау мерзімін ұзарту үшін тазартылған сарымсақты зәйтүн майына салып, шыны ыдыста сақтауға болады. Тіпті кесіп немесе бүтіндей қатырып тастаған жөн”, – дейді маман.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сонымен қатар ол нанды тоңазытқышқа салмауға кеңес берді. Өйткені суық жерде нанның құрылымы мен дәмі бұзылып кетеді. Дәл солай шоколадты да салқын жерге салуға болмайды екен. 

Гамеро тоңазытқышқа толық піспеген бананды салса, қатайып, дәмі бұзылатынын айтады. Бұдан бөлек кофені тоңазытқышқа салмаған жөн., себебі ылғалды сіңіріп, дәмі мен иісі жоғалады дейді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге дейін жетті

Published

on

By

Британиялық ғалымдар ғарыштағы галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге дейін жеткенін мәлімдеді. Деректерге сәйкес бір галактика көршілер төрт галактикаға соғылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ESO

Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналының мәліметіне сәйкес соқтығысу Квинтет Стефана деген атпен белгілі галактикалар тобында болған. Нысан Жерден 290 миллион жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ғалымдардың сөзінше, NGC 7318b галактикасы сағатына 3,2 миллион шақырым жылдамдықпен келіп өзге төрт галактикаға соғылған. Салдарынан реактивті ұшақтан шығатын дыбысқа ұқсас дыбыс толқыны туындаған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Хартфордшир университетінің астрофизигі Марина Арнаудова NGC 7318b газ бен плазмалардан тұратын “қоқыс алаңына” соғылған. Мұндай соқтығысу салдарынан жұлдыздар пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл құбылыс галактикалардың өзара әрекеттесуін, құрылымы қалай пайда болатынын зерттеуге мүмкіндік береді дейді. 

Квинтет Стефана галактикалар тобын астроном Эдуард Жан-Мари Стефан 1877 жылы ашқан. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Израиль Ливандағы тұрғын үйлерге әуе соққысын жасады

Published

on

By

Израиль әскерінің Ливан астанасы Бейрутқа жасаған жаппай әуе шабуылынан тұрғын үйлер мен бейбіт халық зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ВВС

Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әуе соққысынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.

Ливан Ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, ел астанасының халық тығыз орналасқан Баста ауданында бес зымыран шабуылы нәтижесінде 8 қабатты ғимарат толығымен қирады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Израиль шабуылы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 (GMT 0200) шамасында болды.

Израиль әскерилері жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрін қамауға алуға ордер берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!