Connect with us

IN-THE-NEWS

Доллар 600 теңгеге дейін өсе ме – Ұлттық банк өкілі жауап берді

Published

on

By

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының көтерілуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Сенат кулуарында Виталий Тутушкин доллар бағамының болашағы жөнінде айтты. 

“Меніңше, біз сандарға көбірек мән береміз. Бірақ біз үшін валютаның серпіні маңызды”, – деді ол.

Өз кезегінде журналистер Ұлттық банк өкілінен доллардың 600 теңгеге дейін қымбаттау мүмкіндігін сұраған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біз болжам жасамаймыз. Бізде айырбас курсы еркін режимде. Номиналды курс бағамы бойынша болжам жасамаймыз”, – деді ол.

Сондай-ақ Тутушкин доллар бағамының көтерілуіне әсер ететін факторларды да атап өтті. 

“Ең басты фактор – әлемде доллардың нығаюы. Доллар дамушы және дамыған елдердегі барлық валютаға қатысты қымбаттап келеді. Егер біз теңге мен еуроның қатынасын алып қарасақ, ол берік және тұрақтырақ. Ал долларға қатысты тұрақсыз. Себебі америкалық валюта әлемде нығайып келеді”, – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге дейін жетті

Published

on

By

Британиялық ғалымдар ғарыштағы галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге дейін жеткенін мәлімдеді. Деректерге сәйкес бір галактика көршілер төрт галактикаға соғылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ESO

Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналының мәліметіне сәйкес соқтығысу Квинтет Стефана деген атпен белгілі галактикалар тобында болған. Нысан Жерден 290 миллион жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ғалымдардың сөзінше, NGC 7318b галактикасы сағатына 3,2 миллион шақырым жылдамдықпен келіп өзге төрт галактикаға соғылған. Салдарынан реактивті ұшақтан шығатын дыбысқа ұқсас дыбыс толқыны туындаған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Хартфордшир университетінің астрофизигі Марина Арнаудова NGC 7318b газ бен плазмалардан тұратын “қоқыс алаңына” соғылған. Мұндай соқтығысу салдарынан жұлдыздар пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл құбылыс галактикалардың өзара әрекеттесуін, құрылымы қалай пайда болатынын зерттеуге мүмкіндік береді дейді. 

Квинтет Стефана галактикалар тобын астроном Эдуард Жан-Мари Стефан 1877 жылы ашқан. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Израиль Ливандағы тұрғын үйлерге әуе соққысын жасады

Published

on

By

Израиль әскерінің Ливан астанасы Бейрутқа жасаған жаппай әуе шабуылынан тұрғын үйлер мен бейбіт халық зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ВВС

Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әуе соққысынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.

Ливан Ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, ел астанасының халық тығыз орналасқан Баста ауданында бес зымыран шабуылы нәтижесінде 8 қабатты ғимарат толығымен қирады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Израиль шабуылы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 (GMT 0200) шамасында болды.

Израиль әскерилері жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрін қамауға алуға ордер берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда пошта қызметкері зейнеткерлердің атына миллиондаған несие рәсімдеп тастаған

Published

on

By

Қостанай облысында пошта қызметкері зейнеткерлерді алдап, олардың атына бірнеше несие рәсімдеп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше күдікті зейнеткерлерден хатты алғанын растау үшін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын алу тәртібін жеңілдету деген желеумен суретке түсіріп алған. Кейін мобильді қосымшалар арқылы олардың атына несие мен займдар рәсімдеген.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Қостанай ауданының бес зейнеткері алаяқтықтың құрбаны болды. Мәселен, екі зардап шегушінің әрқайсысына 1 млн теңгеден несие, ал қалғандарының атынан шағын несие рәсімдеген. Жалпы материалдық шығын 2,3 млн теңгеден асты”, – делінген хабарламада. 

Алаяқтықтың бірнеше эпизодтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!