Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстанда қаңғыбас жануарларды жаппай өлтіру ұсынылды

Published

on

By

Қазақстанда қаңғыбас жануарларды жаппай эвтаназиялау ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

“Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге арналған дөңгелек үстелге қатысушылардың көпшілігі ұсталған иттер мен мысықтарды ұсталған сәттен бастап 15 күн ішінде жаппай эвтаназиялауды қолдады. Қазір бұл мерзім 60 күнге дейін.

21 қараша күні мәжілісте өткен дөңгелек үстелге депутаттар, еріктілер, заңгерлер және қаңғыбас жануарлардың шабуылынан зардап шеккен азаматтар қатысты. Депутат Әнас Баққожаев мемлекеттік бюджеттен мектеп оқушыларына күніне 840 теңге , ал жануарларға “одан да көп” жұмсалатынын айтып, ауланған жануарды ұстаған сәттен бастап бес күн ішінде эвтанизациялауды ұсынды. Ал иесі болуы мүмкін жануарларды 15 тәулік ұстауды ұсынды.

Заңгер Жанатбек Туғанбеков жануарларды өлтіруге қарсы шықты. Ол Қазақстанда “аулау-зарарсыздандыру-вакцинация-шығару” (АЗВШ) бағдарламасы дұрыс жұмыс істемейтінін атап өтті. 

“Эвтаназия шешім емес. Шабуылдарға келетін болсақ: шабуыл объектілері – адамдар, бірақ оны үй жануарлары жасайды. Барлық мәселе осында. Адамдар медициналық мекемелерге келіп, оларды қаңғыбас ит тістеп алды деп алдайды. Статистика осылай құрастырылады. АЗВШ бағдарламасы біздің елде еш жерде қолданылмайды”, – дейді заңгер.

Экология вице-министрі Нүркен Шарбиев 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілген АЗВШ бағдарламасының нәтижелері туралы статистиканы бөлісті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“АЗВШ жұмысы туралы қорытынды теріс статистика көрсетті, тіпті 2022 жылмен салыстырғанда: 2022 жылы 22 мың, өткен жылы 50 мыңға жуық, биыл 50 мыңнан астам болуы мүмкін. Біздің статистика бойынша, шабуылдардың 65 пайызы қаңғыбас иттерден”, – деді Шарбиев.

Вице-министр өткен жылы 247 мың ит ауланғанын, оларды зарарсыздандыруға 16 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалғанын атап өтті. 

“Егер оларды өлтірмей, босатып, өз өлімімен өлгенше ұстау туралы шешім қабылданса, бір жылда ауланған иттердің саны үшін күніне 1,2 млрд теңге қажет болады. Бұл жылына – 450 млрд теңге деген сөз”, – деді Шарбиев.

Дөңгелек үстелде эвтаназия мәселесімен қатар ит серуендету тақырыптары да қозғалды. Ішкі істер министрлігінің өкілі өткен жылы ит серуендету ережесін бұзған 7,9 мың адамға айыппұл салынғанын мәлімдеді. Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында мұндай айыппұлдар саны 5610 жеткен. Ит серуендету ережесін бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 10 АЕК құрайды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (видео)

Published

on

By

Астанада аспаннан жойғыш ұшақтар ұшып өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Куәгерлер ұшақты видеоға түсіріп алған. Желіде тараған кадрлардан ұшақтың соңынан түтінді байқауға болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 23 және 24 қарашада Астанада қарулы күштер авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеген еді. Министрлік мәліметінше аталған іс-шара кезінде арнайы түтін қолданылады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Іс-шара Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ”, – дейді министрлік өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ресейге соғысқа аттанған қазақстандық уәде етілген азаматтықты ала алмай жүргенін айтты (видео)

Published

on

By

Қазақстанның 50 жастағы тумасы Олег Соколов Украинаға соғысқа кетіп, уәде етілген Ресей азаматтығын алмағанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ер адамның үндеуін журналист Лұқпан Ахмедьяров жариялады. Ресейге соғысуға кеткен қазақстандық бір жылдан бері уәде етілген Ресей төлқұжатын ала алмағанын айтты.



“Есімім Олег Георгиевич Соколов. 1974 жылы дүниеге келгенмін. Қазақстан азаматымын. Солтүстік әскери округте жүргеніме бір жыл болды. Әлі азаматтық ала алмай жүрмін”, – дейді ол.

Ер адам енді Қазақстанға орала алмайтынын, өйткені оған жалдамалылық бабы бойынша айып тағылатынын айтты.

“Ресей қауымдастығына өтініш білдіргім келеді. Өйткені мен Қазақстанға, өз үйіме орала алмаймын. Өйткені “Арнайы әскери операция” мүшесі ретінде жалдамалылығы үшін бірден түрмеге жабылады. Бірақ азаматтығым жоқ, Ресейде тұра алмаймын. 2023 жылы келісім шартқа отырғанымда, азаматтықты еш қиындықсыз алатынымды айтты. Біреуі үш айдан кейін аласың деді. Енді бірі мемлекеттік наградаларды алғаннан кейін беріледі деп айтты”, – деді ол.

Желіге ер адамның үндеуі жарияланған соң ол қатаң сынға ұшырады. Көпшілік бұған оның өзін жазғырды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қалай бермейді? Сен Ресейдің батырысың ғой”, “Елімізде біреуі болса да азайғаны жақсы!”, “Үйім Қазақстанда деп, өзі Ресей үшін соғысып жатыр ма? Болды досым, енді сенің үйің Ресей”, “Олар тарихи отанына кетсін. Бізге олардың қажеті жоқ!”, – деп жазды олар. 


Айта кетейік, бұған дейін Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

Published

on

By

2024 жылдың қарашасында Қазақстанның төрт қаласында тұрғын үй құны еліміздің басқа елді мекендеріне қарағанда арзанырақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, бұл тізімде Қызылорда көш бастап тұр. Сонымен қатар бұл барлық форматтағы пәтерлерге қатысты, яғни бір бөлмелі пәтерлерден үш бөлмелі пәтерлерге дейін.

  • 1 бөлмелі – 7,5 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 12 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 16 миллион теңге.

Сондай-ақ ең қолжетімді жылжымайтын мүліктер Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларына тиесілі.

“Бұл өңірлерде бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 9,5 миллионнан 10,5 миллионға дейін. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 21 миллионнан 23 миллионға дейін барады”, –делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сарапшылардың пікірінше, елде әртүрлі бөлмелі пәтерлердің бағасы 13-тен 25 миллионға дейін өзгереді.

  • 1 бөлмелі – 13 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 19 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 25 млиллион теңге.

Ал еліміздегі ең қымбат баспана Алматыға тиесілі. Онда бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 24 миллион теңге. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 36 миллион және 44 миллион теңге. 

Тұрғын үй бағасының қымбаттығы бойынша Астана екінші орында. Ал Шымкент үшінші орында.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending