Connect with us

IN-THE-NEWS

Роман Скляр жеке тұлғалардың елге көлік әкелу ережелеріне қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеке тұлғалардың елге көлік әкелу ережелеріне қатысты мәселеге пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Роман Скляр кейбір блогерлердің ақпаратты бұрмалап жатқанын атап өтті. 

“Біз кейбір блогерлер айтып жатқандай, баждар мен салықтардың мөлшерлемелерін көтеру туралы айтып отырған жоқпыз, біз бірінші кезекте техникалық және кедендік процедураларды 2015 жылдан бері қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеп жатырмыз”, – деді Скляр.

Ол қазіргі заңнамаға сәйкес автокөлікті кедендік рәсімдеудің екі нұсқасы бар екенін атап өтті.

“Бірінші. Жеке тұлғаның жеке пайдалануы үшін әкелу кезінде – бұл жағдайда автокөлікке көлік құралының конструкциясының қауіпсіздік сертификаты беріледі, бірақ жылына бір автокөлікке ғана. Сонымен қатар 48%-дан аспайтын және қозғалтқыш көлеміне және автомобильдің жасына байланысты өзгереріп отыратын бірыңғай баж салығы төленеді. Жеке мақсаттар үшін екенін ескеру керек. Ауыр жүк көліктері мен сыйымдылығы 12 жолаушыдан асатын автобустарды жеке мақсатта, әсіресе жолаушылар мен жүктерді коммерциялық тасымалдау үшін пайдаланылатын көліктерді әкелуге болмайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Екінші. Заңды тұлға әкелген кезде көлік құралын іскерлік мақсатта әкелген кезде көлік құралына көлік құралының түрін растау құжаты берілуі керек. Мұнда кедендік баж салығы 15%, ал импортқа ҚҚС 12%. Тағы да қайталап айтамын, бұл жаңалық емес, бұл Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан бері, яғни 2015 жылдан бері қолданылып келе жатқан талаптар”, — деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Роман Скляр көліктердің жеке мақсаттар үшін деп көрсетіп, іскерлік мақсатта пайдалатындарға мысал келтірді. 

“Тексеру барысында биылғы жазда 80 жастағы бір әйелге 10-нан астам “Еуро-2″ экологиялық класындағы жүк көлігі тіркеліп, жеке пайдалану үшін әкелінгені анықталды. Немесе біздің жолдардағы танымал “Альфардтар”. Жолдарда құрбан болғандар мен қайғылы оқиғалар өте көп. Бұлар да біздің азаматтар. Сондықтан қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң бақылауды күшейтіп жатырмыз”, – деді Скляр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап көлік әкелу ережелері өзгеретіні туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Асхат Шахаров студент жастармен қоғамның дамуына негіз болатын жалпыға ортақ құндылықтарды талқылады

Published

on

By

Өңір басшысымен кездесуге оқудағы жетістіктерімен ерекшеленген, маңызды шараларда белсенділік көрсеткен студенттер қатысты. Олардың арасында білім беру және қоғамдық саланың дамуына үлес қосқан түрлі олимпиадалардың, конкурстар мен бастамалардың жеңімпаздары болды. Диалог алаңы ретінде Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университеттің кітапханасы таңдалды.

Асхат Шахаров жастарға қол жеткізген жетістіктері үшін алғысын білдіріп, жастарды одан әрі қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

“Сіздер – табандылық пен көшбасшылықтың үлгісісіз. Жетістіктеріңіз басқаларға үлгі, қажырлы еңбек пен білімге ұмтылу нәтиже беретінін дәлелдеп келесіздер”, – деп атап өтті өңір басшысы.

Кездесуде Президент ұсынған негізгі идеологиялық тұжырымдар, сондай-ақ қоғамның одан әрі дамуына негіз болатын жалпыға ортақ құндылықтар талқыланды. Сонымен қоса, оқу жағдайларын жақсартуға, талантты жастарды қолдауға, студенттерді әлеуметтік және еріктілер жобаларына тартуға қатысты мәселелер көтерілді. Қатысушылар өзін-өзі дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашу бойынша өз идеялары мен ұсыныстарымен бөлісті.

Басқосуға қатысушылар қоғамның негізгі проблемалары: нашақорлық, лудомания, вандализм және жастар арасындағы қылмыспен күресу мәселелерін талқыға салды. Әкім залда отырған жастарға арнаған сөзінде алға қойылған міндеттерді шешу үшін бірлескен күш-жігер қажет деді. Ол бүгін осы қиындықтарды жеңе отырып, ертең жарқын және табысты болашаққа қол жеткізуге болатындығын жеткізді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы жастарға қатысты осы өзекті мәселелерге назар аударды. Бүгінгі таңда қоғамда лудомания, есірткі, вандализм сияқты жағымсыз құбылыстар кеңінен таралғанын мойындауымыз керек. Өкінішке орай, жастар арасында құқықбұзушылықтар жиі кездеседі. Біз мұндай кездесулерді көрсету үшін емес, тиімді өткізуге міндеттіміз. Осы мәселелерді көтеріп, оларды шешудің бірлескен жолдарын іздеуіміз керек. Өңірде халықтың 30 пайызы – жастар. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне, ауыл жастарының проблемаларына көңіл бөлу аса қажет. Бұл кездесу маңызды және келесі жылға арналған жоспарларды айқындайды. Біз нақты стратегиялар құрып, нақты шешімдер әзірлеуіміз керек”, – деді әкім кездесу барысында.

Асхат Шахаров бүгінде облыста жас ұрпаққа даму үшін көптеген мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті: коворкинг-орталықтар жұмыс істейді, гранттық қолдау бағдарламалары әзірленді, оқыту тренингтері мен шеберлік сыныптары өткізілуде. Әкім жастарды белсенді әрі сенімді, өз идеяларын ұсынудан қорықпауға және өз мақсаттарына берік болуға шақырды.

“Біздің аймақтың болашағы – өздеріңізге байланысты. Бойларыңыздағы талант, энергия және ұмтылыстарыңыз өңіріміздің өсіп-өркендеуіне сеп. Біз әрқашан қолдауға дайынбыз”, – деп сендірді облыс әкімі.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді

Published

on

By

Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзін сынайтындарға үн қатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ardak_toleubai/

Жақында өнер иесі атышулы видео жариялап, ел талқысына түскен еді. Журналист Дина Төлепбергенмен сұхбаттасып, жан сырын ақтарды. 

“Мен сол видеом үшін кімнен кешірім сұрауым керек еді. Ешкімнің басын жарып, көзін шығарған жоқпын. Өздерің секілді журналистер іліп әкетті. Қазір ол видео парақшамда жоқ. Көрген сайын көңіл-күйім түседі. Сосын өшіріп тастадым. Бірақ таралып кетті. Дұшпандарыма да мереке сыйладым.Әбден тойлап, ауыздарына келгендерін айтты. Мен ондай сөздерге етім үйренген. Мән бермедім”, – деп жауап қатты әнші. 



Өнер иесінің сөзінше, сол таралып кеткен бейнежазбадан кейін де халықтың өзіне деген ықыласы өзгермеген.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Содан кейін ертеңіне тойға бардым. Халық керемет қарсы алды. Құшақтап, сүйіп, ыстық-ықыластарын білдірді. Бірде-бір адам мені кемсітіп, мұқатқан емес. Әлеуметтік желіде отыратындар мен шынайы халықтың айырмашылығын сезіндім”,  – деді Мақпал Жүнісова. 

Еске салайық, “1 литр қымыз іштім” деген халық әртісі ел алдында жан сырын ақтарған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ұлттық банк Астана мешітінің суреті бар жаңа монетаны шығарды

Published

on

By

Ұлттық Банк “Қазақстанның мешіттері мен соборлары” сериясынан ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI және “Сиқырлы рәміздер” сериясынан FATIMA QOLY коллекциялық монеталарын шығарады. Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ұлттық банк

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI 2024 жылғы 25 қарашадан бастап, FATIMA QOLY – 2024 жылғы 28 қарашадан бастап шығады.

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы 2022 жылы ашылған Астананың орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Монетаның дизайнында Астана орталық мешітінің стильдендірілген бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 дана. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

FATIMA QOLY монетасы – “Сиқырлы рәміздер” сериясының алтыншы монетасы. Монетаның дизайны әртүрлі елдердің мәдениеттерінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының стильдендірілген ою-өрнекті бейнесіне негізделген.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, көне күміс сапасы, номиналы – 1000 теңге, таралымы 3000 – дана.

Монеталардың барлық түрі Қазақстанның бүкіл аумағында  аудару, өзгерту және айырбастау үшін қабылдануға міндетті. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында жасалды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!