Connect with us

IN-THE-NEWS

Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды

Published

on

By

Белгілі желі жұлдызы, блогер Жансая Махабаева кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образын есептеп көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tursenalaguzov/

Желі қолданушысы сырт киімдерінен бастап, бұйымдарына дейін бағасын есептеді. 

“Отандық бизнесмен, сәнді киім үлгісімен танымал Тұрсен Алагөзовтің мына образы қанша тұрады деп ойлайсыздар?

Әдеттегідей киімінен бастайық, күртешесі Prada брендінен, бағасы – 1 миллион 143 мың теңге. Жемпірі шамамен – 797 мың теңге. Джинсі Louis Vuitton брендінен, бағасы шамамен – 957 мың теңге.

Мына мойынорағышы Louis Vuitton брендінен, бағасы шамамен – 415 мың теңге.

Аяқкиімі Prada брендінен, бағасы – 452 мың теңге. Көзілдірігі де Prada брендінен, бағасы –  213 мың теңге. Ал енді әшекейлеріне көшейік. Мына қолындағы білезігі Cartier брендінің  Juste un Clou топтамасынан екен, қалыңдауының бағасы шамамен – 4 миллион 598 мың теңге. Ал мына сағаты Patek Philippe брендінен, толықтай алтыннан жасалған, бағасы – 100 миллион 453 мың теңге.

Сонымен барлығы – 109 миллион 28 мың теңге”, – деді блогер. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Еске салайық, продюсер Баян Мақсатқызы күйеуінің туған күніне гауһартаспен көмкерілген тұмар сыйлаған еді. 

Одан кейін Тұрсен Алагөзовтің туған күніне арнайы жасалған 120 келі торттың салмағы қызу талқыланған болатын. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Павлодар облысында өгей әкесі зорлаған 15 жастағы оқушының ісіне қатысты тың деректер айтылды

Published

on

By

Бүгін Павлодарда өткен баспасөз мәслихатында балалар омбудсмені Майқайың ауылында өгей әкесі зорлаған 9-сынып оқушысының ісінің мән-жайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева қызбен және оның отбасымен кездескенін айтты.

“Мен қызбен кездестім, анасымен және сынып жетекшісімен сөйлестім. Сынып жетекшісінен бұл қызға неге назар аудардыңыз? Ол басқалардан ерекшеленді ме? Оның мінез-құлқында өзгешелік болды ма? деп сұрадым. Сынып жетекшісі “Жоқ” деп жауап берді. Бұл оқу бөлімінің тапсырмасы болған. Әрбір мектепте арнайы бақылауға алынуы керек отбасылардың тізімі бар. Баланы өгей әкесі тәрбиелеп жатқандықтан, ерекше назарға алынған. Сыныпта ондай төрт оқушы болған. Сынып жетекшісі төртеуінің де отбасына барған. Тек осы оқушының отбасында өгей әкесінің мінез-құлқы ұнамаған. Сынып жетекшісі ер адамның балаға көзқарасын байқап қалған. “Бұл әкенің балаға деген көзқарасы емес, ер адамның әйеліне деген көзқарасы сияқты еді” дейді ол. Сондықтан сынып жетекшісі қызды назарға алған”, – дейді Шәкенова. 


Павлодарда асырап алған қызын он жасынан бастап зорлаған орманшы өзін өзі атып өлтірді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Бұл жағдайға Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина да түсініктеме берді.

“Өгей әкесінің кәмелетке толмаған 9-сынып оқушысына зорлық-зомбылық көрсету фактісін сынып жетекшісі анықтады. Сынып жетекшісі отбасыларға бірнеше рет барған. Оған қоса сынып жетекшісі мен оқушы бір көшеде тұрған. Мектептен бірге қайтқан.  Үйге қайтып бара жатқанда, мұғалім қыздың жағдайын, оның өмірінде қандай қиыншылықтар болып жатқанын біліп, сөйлескен. Бойжеткен бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан оқиғаны сынып жетекшісіне айтуды жөн көрді. Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижелері қосымша хабарланатын болады”, – деді Самал Айтқазина.

Еске сала кетейік, өткен аптада Майқайың ауылында өгей әкесі 9-сыныпта оқитын қызды қорлағаны туралы ақпарат тараған болатын.

Ақпаратты павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ауылдар жойылмақ

Published

on

By

Қазақстанның бірнеше өңірдегі ауылдарды жою туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

“Ашық НҚА” порталында жарияланған құжатқа сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Үйіл ауданына қарасты Үйіл ауылдық округінде орналасқан Екпетал ауылы таратылды.

Жалпы көлемі 3536 гектарды құрайтын таратылған ауылдың аумағы Үйіл ауылының құрамына енгізіледі. Осыған байланысты Үйіл ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 34 650 гектарға жетті.

Құжат 6 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сондай-ақ Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Созақ өңіріндегі бірнеше елді мекенді жою туралы шешім қабылданды:

– Құмкент ауылдық округіндегі Қызылқанат ауылы; READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

– Созақ ауылдық округіндегі Шақырық ауылы;

– Шолаққорған ауылдық округіндегі Теріскей ауылы;

– Шолаққорған ауылдық округіндегі Жеткіншек ауылы.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 45 ауыл жойылатыны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

СҚО-да ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Published

on

By

Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында Петропавлда сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов салтанатты шараға қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Өңір басшысы СҚО аграршылары үшін жыл қиын болғанын атап өтті. Облыс аймақ тарихындағы ең үлкен табиғи апатқа және ауа-райының қолайсыздығына тап болды. Өнімділігі 18,6 ц / га болатын 6,2 млн. тонна астық жиналды, бұл соңғы 13 жылдағы ең жақсы нәтиже.

“Президенттің тапсырмасы аясында және Үкіметтің бұрын-соңды болмаған қолдауы есебінен ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үш есеге ұлғайтылды. Соңғы үш жылда өңірге 216,7 млрд теңге сомасына 7,4 мыңнан астам заманауи техника түсті. Қазіргі уақытта өңірде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жартысына жуығы мал шаруашылығына тиесілі. Президент Солтүстік Қазақстан облысының сүт-тауар фермаларын салудағы жетістігін атап өтті, біздің тәжірибеміз бүкіл республика бойынша таралуда. Атап айтқанда, 19 СТФ құрылысы аясында қосымша 70 мың тонна сүт өндірілетін болады”, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ауыл шаруашылығы саласының 35 өкілі СҚО әкімінің қолынан түрлі марапаттарға ие болды: ордендер, медальдар, төсбелгілер, құрмет грамоталары және алғыс хаттар.

Марапатталғандардың қатарында “Атамекен-Агро-Корнеевка” ЖШС директоры Александр Фадеев бар. Кәсіпорын үнемі кеңейіп, жұмыс орындарының санын көбейтуде. Бүгінгі таңда ЖШС-де 20,5 мың гектардан астам егіс алқабы бар. Ол сондай-ақ тұқым шаруашылығымен айналысады, ал биыл сүт-тауар фермасының жобасын жүзеге асырады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Құрмет” орденімен марапатталдым. Бұл Мен үшін үлкен мәртебе. 20 жылдан астам уақыт бойы мен ауыл шаруашылығында жұмыс істедім және менің еңбегім осы марапатқа ие болды. Мемлекет басшысына Ауыл шаруашылығын қолдағаны үшін көп рахмет, соның арқасында біз қарқынды дами аламыз. Бізбен бірге жұмыс істейтіндердің барлығына рахмет. Бүгін маған берілген Орден-бұл біздің бүкіл ұжымның еңбегі. Бұл шамамен 160 адам”, – дейді Александр Фадеев.

Бүгінгі таңда аграршылар үшін мемлекеттің қолдауы және Қазақстан Президентінің саласына ерекше назар аударудың маңызы зор. Жыл сайын жетілдіріліп отыратын қарастырылған тетіктер кәсіпорындарды түрлі бағыттар бойынша белсенді дамытуға мүмкіндік береді.

“Президент кредиттік ресурстар желтоқсан айында беріледі деп бастамашылық етті. Ал 18% орнына-5%. Қалған мемлекет өз мойнына алады. Тағы бір қызығы, 85% кепілдік біз тек 5% төлейміз. Бұл өте қуанышты”, – деп атап өтті “Ақселеу” ЖШС директоры Серік Малаев.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!