Connect with us

IN-THE-NEWS

Атырауда Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен қасапшы ауруханаға жатқызылды

Published

on

By

Атырауда Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен бір адам инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Науқастың ауру малды сойған қасапшы екені анықталды.

“17 адам медицина қызметкерлерінің қадағалауында. Бір адамның қызуы көтеріліп, аурухағана жатқызылды. Сібір жарасына күдікті деп. Қазір науқастың жағдайы жаман емес. Зерттеуге алынды, анализ қорытындысын күтіп отырмыз”, – деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Альмира Сабырғалиева.


Тұрғындар үйсіз қалуы мүмкін: Алматы облысында мектеп пен мыңнан аса үй Сібір жарасы бар аумаққа кіріп кеткен


Науқастың әзірге нақты Сібір жарасын жұқтырғаны расталған жоқ. Себебі зертханалық сынама нәтижелері әлі дайын емес. Бейресми ақпарат бойынша, науқас Өзбекстан азаматы. Ол мал базарында қасапшы болып жұмыс істеген екен.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сібір жарасы тараған бұл базарда тағы бір сиыр ауырып өлген. Өлекседен сынамалар алынып, зертханаға жолданды. 

Қазір Атырау аумағына Батыс Қазақстан облысынан және Құрманғазы ауданынан мал әкеле жатқан көліктер тоқтатылып тексеріліп жатыр. Анықтама қағаздары жоқтар кері қайтарылуда. Сонымен қатар мал соятын жерлердің бәрін жіті тексеріліп жатыр.

“Сібір жарасы анықталуына байланысты қаладағы 4 мал сою пунктінен және сауда орындарынан 55 сынама алынды. Қорытындысы 7-10 күн аралығында шығады. Кеше тағы бір мал өлімі тіркелді. “Асыл-Агро” базарында. Одан сынама алынды. Астанаға жіберілді. Қорытындысы бес күн ішінде шығуы керек”, – деді Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат. 

Еске салсақ, бұған дейін Атыраудағы “Асыл агро” мал базарында өлген сиырдан Сібір жарасы анықталған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Алматыдағы “Нұркент” тұрғындары саябақ орнына тағы бір кешен салынатынына наразылық білдірді

Published

on

By

Алматыдағы “Нұркент” ықшамауданының тұрғындары дәл үйінің жанына жаңа кешеннің салынуына қарсы шықты. Айтуларынша, құрылыс компаниясы кезінде балабақша немесе саябақ болуға тиіс орынға алты қабатты баспаналар тұрғызбақшы екен.Нысан бой көтерсе, тынысамыз тарылып, жүрерге жол қалмайды дейді. Тіпті жер сілкінсе, халық жиналатын орын қалмаған деп, әкімдіктен көмек сұрап отыр. Ал шенділер аталған жер телімі әу бастан тұрғын үй кешеніне арналған дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

“Нұркент” ықшамауданын салған құрылыс компаниясының әуелгі жоспары бойынша мұнда бір балабақша, бір мектеп және халық бой жазатын саябақ болуға тиіс болған. Бірақ бүгінде оның бірі жоқ. Тұрғын үйлер арасындағы алақандай аумаққа тағы көпқабатты баспана салынбақшы. Онсыз да үйлері тығыз орналасқан аудан жұрты бұған үзілді-кесілді қарсы. 

“Халық шығып, сәл демалып, бой жазып жүретін жер жоқ. Жан-жақтың бәрінде көлік. Мына қоршау тұрған жердің негізгі мақсаты саябақ салу болған. Қазір бұл жерге үй саламын дейді”, – деді тұрғын Нұрмахан Керімбеков. 

“Жер сілкінген кезде эвакуацияланатын аймақ жоқ. Міне, салынып жатыр. Ешқандай да тұрақ жоқ. Ешқандай да отыратын, демалатын жер жоқ. Әйел адамдар арбасын сүйретіп, машинаның шаңын жұтпау үшін “Алматы Аренаға” кетеді”, – деп қосты Қайрат Бұрғанбаев. 

Ықшамаудандағы 40 үйде екі жарым мың пәтер бар. Сәйкесінше жақын маңдағы балабақшалар мен мектептерде бала санының көптігінен орын да жоқ. Жұрт соның салдарынан балаларымызды жан-жаққа тасимыз дейді.

“Балаларымыз қалаға балабақшаға жіберемін. Мына жақта орын жоқ. Екі баланы таңертең бір жарым сағат кептелісте тұрып апарамыз. Бас жоспар бойынша бізге осы жердің суреті болды, мына жерде балабақша сияқты бір ғимарат болды. Ал мына бетте саябақ. Ол сол күйі түскен жоқ”, – дейді тұрғын Алма Қаражігітова.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ал жер телімін сатып алған компания өкілі мұнда құрылыс жүргізуге мекеменің рұқсаты бар дейді. Учаске компанияға былтыр сәуір айында сатылған. Растайтын құжаты да бар екен.

“Бүкіл растайтын құжаттар қолымызда бар. Үйлер салып жатырмыз “Бута Феномен” деген. ҚР құрылысқа құжат алудың бір ғана тәртібі бар, сол тәртіпке сәйкес бүкіл құжат алынғаннан кейін құрылыс жүргізіліп жатыр. Кешен орнына саябақ болу керек деп айтып жатыр. Бірақ ол ақпаратты біз бірінші рет естіп тұрмыз”, – деп мәлімдеді Аlma city construction ЖШС өкілі Ибрагим Нефталиев.

Компанияның сөзін атқамінерлер де растады. Аталған жер теліміне тұрғын үй кешені салынады деген шешім әу бастан-ақ қабылданған дейді.

“Айтылған мекенжайда жер телімінінің мақсаты — қызмет көрсету объектілері мен жерасты паркингтері бар көп пәтерлі тұрғын үйлерді салу және пайдалану. Осыған байланысты басқарманың мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жер телімінің нысаналау мақсатына сәйкес, жер телімінің иесінің өтініші бойынша жобалау алдындағы құжаттамалар, яғни сәулет жоспарлау тапсырмасы және эскиз жобасы келісілген”, – деп түсіндірді Алатау ауданы бойынша жоспарлау және аумақтың дамуын үйлестіру бөлімінің басшысы Дәурен Алмасбеков. 

Көпқабатты үйлердің құрылысын тоқтатамыз деген тұрғындар райынан қайтар емес. Сотқа жүгініп, арыз қалдырған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады

Published

on

By

Биыл Тәуелсіздік күніне орай отандастарымыз қатарынан үш күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан дүйсенбіге түсіп тұр. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15 және 16 желтоқсан демалыс болмақ. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 15 және 16 желтоқсан демалады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, жаңа жыл қарсаңы, яғни 31 желтоқсан жұмыс күні болмақ. Жаңа жылдың алғашқы төрт күні — демалыс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшінші қаңтар, яғни, жұмадағы жұмыс күнін жексенбіге ауыстыру туралы бұйрық шығарған. Ал 5 және 6 қаңтар — жұмыс күні.

Жетінші қаңтарда Рождество мерекесіне орай, тағы бір демалыс бар. Әрі қарай жұмыс кесте бойынша жалғасады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Оралда дәрігерлер науқастарды емдеудің орнына жалақыларын беруді талап етіп, бас көтерді

Published

on

By

Оралда ақ халаттылар бірнеше айдан бері жалақысыз жүр. Басшылықтың күнде ертең деген ертегісінен шаршадық деген жандар қосымша жұмыс үшін төленетін үстемақыдан да қағылдық деп отыр. Ал аурухана директорының айтар өз уәжі бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Облыстық аурухананың дәрігерлері барлық жұмысты тоқтатып, талабын айтуға жиналды. Себебі, медицина мамандары бірнеше айдан бері жалақыға қол жеткізе алмай жүр. Ақ халаттылар қаржыдан қысылып, қадіріміз қашты деп қынжылады. 

“Негізі медициналық ұйымда жалақыны 20 мен 28 аралығында береді ғой. Ал бізде кешіктіреді. Бұл бірінші рет емес. Біз шаршадық, несие, бала-шаға бар. Ақшамызды берсін. Қарызға сұрап отырған жоқпыз. Бұл біздің еңбегіміз”, – дейді дәрігер Ақгүл Бұқарова. 

Емдеу мекемесінің қызметкерлері қосымша сағаттар үшін үстемақы да төленбеді деп отыр. Оған қоса, өзге медицина мекемелерінде еңбекақы көтерілгенде біз назардан тыс қалдық, дейді шағымданушылар. Сол кезде жанайқайын жеткізген мамандар басшылықтан қысым көргендерін жеткізді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“156 сағаттан асырып қосымша жұмыс істеген кездер болды. Бірақ ол қызметімізге көк тиын төленбеді. Тіпті еңбек демалысының ақысы да берілмейтін. Бұған дейін басқа салада жұмыс істедім, бірақ айлықты уақытында толық алып жүрдім. Мұндағы жағдай мүлдем басқаша”, – деп қосты дәрігер Каролина Мальченко. 

Өз құқықтарын айтып, адал ақыларын сұраған дәрігерлерді аурухана басшысы сабырға шақырды. Басшы келесі аптада жалақы дауына нүкте қоямын деп сендірді. 

“Біз тұрғындарға қосымша ақылы қызмет көрсетеміз. Содан түскен қаржыға мамандарымыздың жалақысын, науқастардың дәрі-дәрмегі мен тамағын, содан кейін коммуналдық қызмет ақысын төлейміз. Бюджеттен бөлінген ақша жеткіліксіз болғасын, әзірге уақытында есептесе алмай жатырмыз. Жеткізушілерге де қарызымыз бар”, – деді БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова. 

Айлыққа қол жеткізе алмай, салы суға кеткен жоғары білікті мамандар директор өз уәдесінде тұрмаса құзырлы органға шағымдануға бекініп отыр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!