Connect with us

IN-THE-NEWS

Солтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 45 ауыл картадан жойылады

Published

on

By

Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 45 ауыл қысқартылады. Қазір осыған байланысты әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы шықты. Бұл елді мекендерде 10 адамнан аз тұрады. Енді жергілікті билік өкілдері оларға “болашағы бар” деген ауылдарға көшуге көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Өңірде жабылайын деп тұрған ауылдың бірі Краснопёровка. Кезінде бұл елді мекенде 120 үй болған. Тоқырау жылдары кеңшар тарап, жұмыссыз қалған тұрғындар жан-жаққа көшіп кеткен. Соңғы сегіз жыл мұнда екі-ақ адам тұрады. Солардың бірі – Атлас Файрушин. Ол осы ауылға 90-жылдары көшіп келген. Қазір әйел, бала-шағасы қалада тұрады. Ал өзінің көшкісі жоқ. Елде азын аулақ қой ұстайды. Ескі болса да тракторы бар.

“Мен өзім қалада тұра алмаймын. Көп болсам, қан қысымым көтеріліп кетеді. Кезінде бұл үлкен ауыл еді. Кеңшарда 12 мың мал болды. Қазақ, орыс, татар – бәріміз тату-тәтті өмір сүрдік”, – дейді Краснопёровка ауылының тұрғыны Атлас Файрушин. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Солтүстік Қазақстан облысында биыл адам саны оннан аспайтын 45 елді мекен қысқартуға ұшырайды. Бұл мәселе облыстық әкімдік, мәслихат пен қоғамдық кеңесте қаралып, тиісті қаулы шығарылды.

“Бұл ауылдарда 10 адамнан кем тұрады. Орташа есеппен жалпы мысалы 3 адам тұратын бар, 5 адам тұратын бар, ауылдар бар. Осы 45 ауылдың ішінде жетеуінде мүлде тұрғын жоқ. Бұл азаматтарға басқа перспективасы жоғары ауылдарға көшуге көмек көрсетіледі”, – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдірешов.

Заң бойынша 50 адамнан аспайтын ауылдар жабылуға тиіс. Оларға экономикалық тұрғыдан қаржы бөлу тиімсіз болып саналады. Қазір облыста осындай 141 елді мекен бар.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Маман тоңазытқышта тұрса тез бұзылып кететін өнімдерді атады

Published

on

By

Каталония ашық университеті медицина факультетінің профессоры, тамақтану бойынша сарапшы Ампаро Гамеро кей өнімдерді тоңазытқышта сақтамауға кеңес берді. Сөзінше, суықтың әсерінен өнімдердің дәмі бұзылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gloucestershire Live басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Гамероның сөзінше, сарымсақты тоңазытқышта сақтауға болмайды. Себебі суықта сарымсақ өніп кетеді. 

“Сақтау мерзімін ұзарту үшін тазартылған сарымсақты зәйтүн майына салып, шыны ыдыста сақтауға болады. Тіпті кесіп немесе бүтіндей қатырып тастаған жөн”, – дейді маман.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сонымен қатар ол нанды тоңазытқышқа салмауға кеңес берді. Өйткені суық жерде нанның құрылымы мен дәмі бұзылып кетеді. Дәл солай шоколадты да салқын жерге салуға болмайды екен. 

Гамеро тоңазытқышқа толық піспеген бананды салса, қатайып, дәмі бұзылатынын айтады. Бұдан бөлек кофені тоңазытқышқа салмаған жөн., себебі ылғалды сіңіріп, дәмі мен иісі жоғалады дейді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге дейін жетті

Published

on

By

Британиялық ғалымдар ғарыштағы галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге дейін жеткенін мәлімдеді. Деректерге сәйкес бір галактика көршілер төрт галактикаға соғылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ESO

Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналының мәліметіне сәйкес соқтығысу Квинтет Стефана деген атпен белгілі галактикалар тобында болған. Нысан Жерден 290 миллион жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ғалымдардың сөзінше, NGC 7318b галактикасы сағатына 3,2 миллион шақырым жылдамдықпен келіп өзге төрт галактикаға соғылған. Салдарынан реактивті ұшақтан шығатын дыбысқа ұқсас дыбыс толқыны туындаған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Хартфордшир университетінің астрофизигі Марина Арнаудова NGC 7318b газ бен плазмалардан тұратын “қоқыс алаңына” соғылған. Мұндай соқтығысу салдарынан жұлдыздар пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл құбылыс галактикалардың өзара әрекеттесуін, құрылымы қалай пайда болатынын зерттеуге мүмкіндік береді дейді. 

Квинтет Стефана галактикалар тобын астроном Эдуард Жан-Мари Стефан 1877 жылы ашқан. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Израиль Ливандағы тұрғын үйлерге әуе соққысын жасады

Published

on

By

Израиль әскерінің Ливан астанасы Бейрутқа жасаған жаппай әуе шабуылынан тұрғын үйлер мен бейбіт халық зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ВВС

Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әуе соққысынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.

Ливан Ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, ел астанасының халық тығыз орналасқан Баста ауданында бес зымыран шабуылы нәтижесінде 8 қабатты ғимарат толығымен қирады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Израиль шабуылы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 (GMT 0200) шамасында болды.

Израиль әскерилері жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрін қамауға алуға ордер берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!