Connect with us

IN-THE-NEWS

Adorable Video Of Chioma Getting Glammed Up For Her Wedding To Davido

Published

on

By


 

A video of Chioma Rowland getting dolled up for her wedding to Afrobeats star, Davido has been shared online.

The couple’s wedding is holding today at the Harbour Point in Victoria Island.

It is expected to be a star-studded occasion as they celebrate with the love birds. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Watch The Video Below;




READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстандық балуан Армениядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Published

on

By

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінен тағы бір қола жүлде қоржынымызға түсті. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде кезекті рет қазақ балуаны жеңіс тұғырына көтерілді. Еркін күрестен 86 келі салмақта сынға түскен Рүстем Мырзағалиев үздік үштіктен көрінді. Отандасымыз ширек финалда ресейлік балуан Арслан Багаевқа есе жібергенімен қола жүлде үшін белдесу мүмкіндігіне ие болды. Рүстем кіші финалда маңғолиялық балуанды 5:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шебері Мейіржан Әшіровтің әскерилер арасында әлем чемпионы атанғанын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты әскери шараларды қабылдауды тапсырды

Published

on

By

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты әскерді күшейтіп, қауіпсіздік шаралар қабылдауды тапсырды.

Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.



Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау”, – делінген хабарламада.

Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген еді.

Бұған дейін Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды

Published

on

By

Семей тұрғыны 13 жастағы баласының өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Ана ұлына жасалған ота кезінде ыстығы көтеріліп, көз жұмды дегенге сенбейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Әлия Әбілдинова 13 жастағы ұлын мұрын ішінде өскен етті алдыру үшін Астанадағы балалар ауруханасының біріне апарған. Ондағы дәрігерлер ота арқылы етті аламыз деген екен. Бірақ ота кезінде Әділбек Азаматұлының ыстығы көтеріліп көз жұмған депті. Дегенмен марқұмның анасы бұған сенбейді. Ол баласының өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп деп отыр. Өйткені ұлымнан көп мөлшерде қан кеткенін өз көзіммен көрдім дейді.

“Сол жерде неге соншама көп қан деп бірден сұрақ қойдым. Дәрігерлер “енді ота болған соң қан ағады” деп мені көндірді. Сонда да сенімсіздік болып, сол жерде сараптама жасаймыз деп шешім қабылдадық. Сараптама бойынша ұлымның кеңірдектен жарақаты болған. Содан ішіне қан ағып, тұншығыпты. Медициналық сараптамалық нәтижелері мен аурухананың берген қағазы бір-біріне мүлдем сәйкес келмеді”, – деді марқұмның анасы Әлия Әбілдинова.

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысында бала механикалық асфиксиядан мерт болды деп көрсетілген. Ота кезінде кеңірдек жарақаттанып, көп мөлшерде қан кеткен. Салдарынан жасөспірімнің тыныс алу жолдары жабылған делінген.

“Сот-медициналық сараптаманың негізі бойынша, баланың қаны көп кеткен. Барлық бронзы, тыныс алу мүшелері қанға толған. Тіпті баланың асқазанына қан кеткен. Медициналық мекеме мен сараптаманың қорытындысы сәйкес келмейтініне қарамастан, 24 қыркүйекте қылмыстық іс тоқтатылған. Біз бұған келіспейміз. Біздің пікірімізше, аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-тармағы “Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы” бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруі тиіс”, – деді заңгер Әлия Илькенова. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бүгінде Әділбек Азаматұлының өлімі бойынша елордадағы Алматы аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі қайта қозғаған.

“Аталған факті бойынша Алматы аудандық ішкі істер басқармасы Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі “Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, адам өліміне әкеп соқтыруы” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қалған ақпарат жария етілуге жатпайды”, – деп мәлімдеді Астана қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Эльмира Шауленова.

Әділхан кішкентайынан ақылды, зерек бала болып өскен. Болашақта IT-маманы боламын деп армандапты. Отаға кірмес бұрын отбасын “мен кеттім, уайымдамаңыздар” деп жұбатқан екен. Бұл жалғыз баламның соңғы сөзі болды дейді анасы.

“Биыл ұлым 8 сыныпқа көшетін еді. Өте әдепті, өте ақылды болды. Әрқашан күліп жүретін. Отаға кеткенде “мен кеттім” деді. Болды, содан кейін баламның дауысын естімедім”, – деді марқұмның анасы.

Марқұмның анасы ұлының дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмғанына сенімді. Сондықтан ол құзырлы орган қызметкерлерінен кінәлілерді тауып, жазалауды талап етеді. Ал аталған аурухана басшылығы тек тергеуден кейін жағдайға пікір білдіретінін мәлімдеді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!