Өңір басшысымен кездесуге оқудағы жетістіктерімен ерекшеленген, маңызды шараларда белсенділік көрсеткен студенттер қатысты. Олардың арасында білім беру және қоғамдық саланың дамуына үлес қосқан түрлі олимпиадалардың, конкурстар мен бастамалардың жеңімпаздары болды. Диалог алаңы ретінде Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университеттің кітапханасы таңдалды.
Асхат Шахаров жастарға қол жеткізген жетістіктері үшін алғысын білдіріп, жастарды одан әрі қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
“Сіздер – табандылық пен көшбасшылықтың үлгісісіз. Жетістіктеріңіз басқаларға үлгі, қажырлы еңбек пен білімге ұмтылу нәтиже беретінін дәлелдеп келесіздер”, – деп атап өтті өңір басшысы.
Кездесуде Президент ұсынған негізгі идеологиялық тұжырымдар, сондай-ақ қоғамның одан әрі дамуына негіз болатын жалпыға ортақ құндылықтар талқыланды. Сонымен қоса, оқу жағдайларын жақсартуға, талантты жастарды қолдауға, студенттерді әлеуметтік және еріктілер жобаларына тартуға қатысты мәселелер көтерілді. Қатысушылар өзін-өзі дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашу бойынша өз идеялары мен ұсыныстарымен бөлісті.
Басқосуға қатысушылар қоғамның негізгі проблемалары: нашақорлық, лудомания, вандализм және жастар арасындағы қылмыспен күресу мәселелерін талқыға салды. Әкім залда отырған жастарға арнаған сөзінде алға қойылған міндеттерді шешу үшін бірлескен күш-жігер қажет деді. Ол бүгін осы қиындықтарды жеңе отырып, ертең жарқын және табысты болашаққа қол жеткізуге болатындығын жеткізді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
“Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы жастарға қатысты осы өзекті мәселелерге назар аударды. Бүгінгі таңда қоғамда лудомания, есірткі, вандализм сияқты жағымсыз құбылыстар кеңінен таралғанын мойындауымыз керек. Өкінішке орай, жастар арасында құқықбұзушылықтар жиі кездеседі. Біз мұндай кездесулерді көрсету үшін емес, тиімді өткізуге міндеттіміз. Осы мәселелерді көтеріп, оларды шешудің бірлескен жолдарын іздеуіміз керек. Өңірде халықтың 30 пайызы – жастар. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне, ауыл жастарының проблемаларына көңіл бөлу аса қажет. Бұл кездесу маңызды және келесі жылға арналған жоспарларды айқындайды. Біз нақты стратегиялар құрып, нақты шешімдер әзірлеуіміз керек”, – деді әкім кездесу барысында.
Асхат Шахаров бүгінде облыста жас ұрпаққа даму үшін көптеген мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті: коворкинг-орталықтар жұмыс істейді, гранттық қолдау бағдарламалары әзірленді, оқыту тренингтері мен шеберлік сыныптары өткізілуде. Әкім жастарды белсенді әрі сенімді, өз идеяларын ұсынудан қорықпауға және өз мақсаттарына берік болуға шақырды.
“Біздің аймақтың болашағы – өздеріңізге байланысты. Бойларыңыздағы талант, энергия және ұмтылыстарыңыз өңіріміздің өсіп-өркендеуіне сеп. Біз әрқашан қолдауға дайынбыз”, – деп сендірді облыс әкімі.