Connect with us

IN-THE-NEWS

Famous psychologist: mothers need to go on vacation more often

Published

on

By

The mother’s role is usually the backbone of the family: she holds everything all together. Of course, the father also invests no less, but it is the mother who usually checks that everything is working properly, such as when the
children are starting to learn and what lessons they need to take.

According to psychologists, this means that mothers need more rest because of the enormous effort they put in – and they can get the rest, for example, on vacation alone, according to the
WDRB website.

Moms need more breaks – for the family. According to psychologist and professor Nava Silton, who says stress from childcare, work, husband, laundry, cooking, and everything in between, becomes a big burden for mothers…Click Here To Continue Reading>> …Click Here To Continue Reading>>

 

Holding the family together

Going on vacation alone can be a very important thing for a mother. Partly because they will not care 100% only of themselves if they have children with them, because the maternal instinct is so strong that a mother can not ignore it.

“It is very important for children to see the ideal balance in a family situation, for example, that both father and mother do the chores at home, do shifts in cooking or laundry”, says Nava Silton.

Mom-cation vacation

Nava Silton calls the phenomenon ‘Mom-cations’, a combination of mother and vacation. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

According to Nava’s recommendation, a mother should ‘take time off’ from her family for at least two consecutive days for her body and mind to recover.

“I came back and I was a better mother. A more patient mother. A better woman. You learn to appreciate what you have at home because I got that freedom from everything”,
said

It is wonderful to go on vacation alone for a few days and take care and take care of only yourself.

Please share this article with your friends so they too can read the wonderful news!

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Шымкентте Тоқтар Төлешовке тиесілі болған Мәдениет үйінің орнына келер жылы Жастар сарайы салынбақ

Published

on

By

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков сүрілген Мәдениет үйінің орнына Жастар үйі салынатынын мәлімдеді. Құрылыс жұмыстары ақпанда басталмақ. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Шымкент әкімдігі

Әкімнің сөзінше, ғимарат сейсмикалық және техникалық талаптарға сай келмегендіктен сүрілген. 

“Біз уәде етілгеннің барлығын орындаймыз. Үш рет сейсмоберіктік пен техникалық тексеріс жүргіздік. Бұрынғы ғимараттың орны толық тазаланды, ақпанда құрылыс басталады. Жоба демеушілік қаржы есебінен салынады”, – деді әкім.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Фосфорник” мәдениет үйі соңғы бір жыл бойына бос тұрған. 2023 жылдың қарашсында ғимараттың Жастар сарайы болып қайта құрылатыны белгілі болды. 

Еске салайық, ғимарат “Дархан групп” ЖШС жеке меншігінде болған. Оның құрылтайшыларының бірі – “сыра патшасы” атанған Тоқтар Төлешов. 2016 жылға дейін мұнда балалар клубтары жұмыс істеді. Бірақ Төлешовке қатысты үкім шыққаннан кейін ғимарат пен оның маңындағы аумақ тәркіленді, бірақ әкімдік мүлікті өз балансына қабылдамады.

“Дархан групп” мәдениет үйі сыра зауытына бес жыл ішінде 1,8 миллиард теңге қарыз болғанын мәлімдеді. Содан бері ғимарат қараусыз қалған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматылық емші қара магияның құдіреті, жындар әлемі мен тылсым күш туралы айтты

Published

on

By

Жынмен келісімшартқа отыру бір-ақ сағат! Алматылық емші Айнұр Бекеттің айтуынша, қара магия мен жындар әлемі бары рас. Ол  Stan.kz тілшісіне  тылсым күштің құпиясын ашып айтты. 

Фото: Stan.kz/Медет Исапанов

– Емші деген кім?

– Емші – адамды емдейтін адамдарды айтады. Дәрігерлерден айырмашылығымыз, бізде қасиет болады. Адамның бойындағы ауырып тұрған жерлерін энергия арқылы байқап емдейміз. 

– Сіз қара дуамен айналысасыз ба?

– Айналысып көрген емеспін, айналысқым да келмейді. Көп адам маған мынау сүйікті қызым немесе жігітім басын айналдырып беріңізші деп келеді.  Енелер балам мен келінімді ажыратып бер, маған келінім ұнамайды деп суретін әкеліп отырады. Мен ондай жандарға есік әне деймін, олар кетпей милиондап ақша ұсынады. Біздің күшті сатып аламын деп ойлайды. Иә, сатып алуға болады. Жынмен келісімшартқа отыру бір-ақ сағат. Егер сол әрекетті жасасақ, таза әлемге енді келмейміз. Құдайдан кешірім сұрап, қайта бастауға болады, бірақ  бойымыздағы қасиетті жоғалтып аламыз. Аллаға қарсы жұмыс істеп кетесің. Қазіргі заманда қара дуамен айналысатындар өте көп. 

– Адам өзінің бойын дуадан қалай сақтайды?

– Тұзбен жуынып,  тазаланып жүру керек.  Ол сырттағы энергияны тазартады.  Бірақ шынымды айтсам, одан ешкім қорғана алмайды. Мешітте намаз оқып жатқан кісілердің жындары қозып, айқайлап құлап жатады. Одан кейін не айтам, ол күнде құран оқитын кісі ғой. Соның ішіне жын кіргенде, қарапайым адамға кірмейді дейсіз ба? Тылсым әлем қорғайды. Сен құран оқығаның кішкене көмек болады, дегенмен бойыңды жан жағыңды таза ұстау керек. Ниетің түзу болып, санаға жаман ойды жібермеу керек. Дуаны бойыңа кіргізуің санаңа байланысты. 

Неге қара дуамен айналысатындар, өз өмірі үшін неге қорықпайды? 

Қара дуамен айналысатындар  жын әлемімен келісімшартта отырады. Олар ешнәрседен қорықпайды. Себебі қорғаушылары мықты. Базар –  магияның ордасы.  Алтын көрсе періште жолдан таяды дейді ғой. Біз пендеміз қателесеміз. Бәсекелестер бір -біріне дуа жасап жатады. Дуадан арылу үшін маған келіп жатады. Мен келген адамның басын ұстап қазіргі жағдайын анықтаймын. Егер дуада, тіл көз тиген болса  адам артқа қарай қимылдап өзін ұстай алмай қалады. Ал жолы ашық болса, бір қадам алға жылжып кетеді. Адамның басын, арқасын ұстағаннан кішкентай кезінде қайда өмір сүрді, әке-шешесі, бауыры туралы ақпаратты көріп аламын. Сосын қазіргі жағдайында қандай мәселе болып жатқанын қарап, ата-бабасының әруағымен тілдесемін.  Кейде әр адамның тотемі  келеді, жануарлар әлемінен. Жалғыздықты жақсы көретіндерге қасқыр, ұзақ өмір сүретіндерге тасбақа немесе жылан кейпінде келеді. Солай дуаны шешемін. Менің қасиетіме  сақалдылар сенбейді, олар маған орамал таққыза алмай әлек. Бірақ армандары орындалмайды. Дін мен қасиетті байланыстыруға болмайды. Екеуі де Алладан, бірақ бағыты бөлек.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

–  Адам ұйықтағанда неге бастырылып қалады?

– Әрине, бұл тылсым күш.  Адам өз денесіне ие бола алмай, үстінде  біреу отырғанын сезеді. Менің өмірімде ондай жағдай кездесті.  Үйге жөндей жұмыстарын жасап, абыр -сабыр шығып жатқан кезде ұйықтап қалғанмын. Бірақ ояу сияқтымын себебі жан-жағымның бәрін сезіп жатырмын. Үстіме дәу, қара нәрсе келіп отырды да, екі қолымен мойныма жабысты. Оянып кетіп  алыстым.  Бұл нәрсе көбінесе  адамның бойы, жатқан жері, энергетикасы таза болмағанда болады. 

– Сіз болашақты болжайсыз ба? 

– Жастардың көбі қашан тұрмысқа шығып, неше баласы болатынын білгісі келеді. Болашақты көретін кезде денем өзі сезеді. Мұздайды, жел өтеді бәрін көріп отырамын. Бірақ біліп тұрсам да ешкімнің болашағын айтпаймын. Болмайды. Менің ол кезде дуа жасайтындардан айырмашылығым болмайды. 

–  Емшінің алаяқ екенін қалай білеміз?

– Жұмысының нәтижесі арқылы ғана айыруға болады. Басқа жолы жоқ. 

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіздер

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

БҚО-да өрттен кейін екі бала мен әйел жансақтау бөліміне түсті (видео)

Published

on

By

БҚО-дағы Ақсай қаласында 22 қарашада 10-шағын ауданы, №19 үйде өрт болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс Қазақстан төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төртінші қабаттағы пәтерде 60 шаршы метр жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен.

Өрт үлкейіп жатқандықтан, екі бүлдіршін төртінші қабаттың терезесінен секіреді, ал төменде оларды керілген шүберекпен ер адамдар ұстап алады. Өкініштісі, екінші бала құлағаннан кейін шүберектің шеті үзіліп кетті.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен үш адамды Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізгенін хабарлады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қазіргі уақытта 4 және 8 жастағы екі бала, сондай-ақ 43 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Оларға қажетті ем қабылданады”, – деп түсіндірді БҚо денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақсай қалалық әкімдігі жағдай өз бақылауында екенін, отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!