Connect with us

IN-THE-NEWS

No S3x Position Makes A Man Faithful

Published

on

By


According to him, has said a man who wants to be unfaithful, will be, irrespective of the s3xual prowess of his woman.

Soso Soberekon

Popular Nigerian talent manager, Soso Soberekon has taken to his Instagram page to offer an important advice to women.

According to him, has said a man who wants to be unfaithful, will be, irrespective of the s3xual prowess of his woman. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

He urged women not to break their spiunal cord to please a man.

He wrote: “No Xxx position makes a man faithful. Who’ll cheat will cheat. Don’t break your spinal cord my sister.”

post

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Елімізде енді инфрақұрылымы дамымаған аймақтардан үй салуға жер берілмейді

Published

on

By

Елімізде тұрғын үй салу үшін жер беру талаптары өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

.

Фото: Pixabay.com

Бұдан былай телім сатылымға шығарылмас бұрын арнайы есепке қойылуы тиіс.

Жер ресурстарын басқару комитеті жаңа жобаны қоғам талқысына шығарды. Құжатқа сәйкес, су, жарық желілері тартылған аумақтан баспана құрылысы үшін жер учаскелері беріле бастайды. Ал инфрақұрылымы дайын емес учаскеден жер алу қиындамақ. Ең болмағанда бос аумақта электр бағаналары орнатылуы тиіс. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Алматыда сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үйлер тізімі жаңартылды Қазақстандықтар енді мемлекеттен алған жалдамалы пәтерлерді сатып ала алады

Осылайша, жер учаскесін сатып, барлығы жүргізіледі деп сататындардың жұмысы бақыланбақ.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді су тасуы мүмкін аймақтардан үй салуға жер берілмейтіні айтылған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбе облысындағы ауыл тұрғындары барлау жұмыстарына қарсы шықты

Published

on

By

Ақтөбе облысындағы ауылдар маңындағы геологиялық барлау жұмыстарына қатысты бір жылдағы төртінші қоғамдық тыңдау жанжалмен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облысындағы Шәмші Қалдаяқов және Петропавловка ауылдары маңында мұнай-газ барлау жұмыстарын жүргізу үшін энергетика министрлігінен рұқсат алған “КазНефтеГазПроект” ЖШС былтырдан бері тұрғындармен келісімге келе алмай жүр. Компания қоғамдық тыңдауларсыз және ауыл тұрғындарының келісімінсіз барлау жұмыстарын бастай алмайды.

Басылымның мәліметінше, ауылдардың маңындағы мұнай мен газ конденсаты сонау 1950 жылдары табылған. Бірақ көлемі аз болғандықтан, өндіру жұмыстары кейінге қалдырылған. Өткен жылы аумақты қайтадан зерттеу туралы шешім қабылданған.

Ауыл тұрғындары егер шикізат табылса, дереу өндіріс басталады деп үрейленіп отыр. Тұрғындардың айтуынша, олар мұнда картоп пен көкөніс өсіріп, шаруа қожалықтары мен егістіктеріне күтім жасайды. Жақын жерде Қарғала су қоймасы бар. Сейсмикалық барлауға берілген келісімшарттық аумақ 538,39 шаршы шақырымды құрайды. 

“Геологиялық барлау өндіріс емес, ол желтоқсан мен қаңтар айларында 42 күнге созылады, ол кезде ауылшаруашылық жұмыстары жүргізілмейді. Ештеңе таппасақ, жұмыстың нәтижесін Қазақстан Республикасының геологиялық қорына өткіземіз, сонымен бітті”, – деді “КазНефтеГазПроект” ЖШС директорының орынбасары Расулбек Майлыбаев.

Ал ауыл тұрғындары компания өкілдерінің сөзіне сенбейді. 

“Геологиялық барлау жұмыстары жүргізілетін жерден Қарғалы су қоймасының шекарасы небәрі 1 шақырымды құрайды. Олар жұмысты қыста, жер тоңып тұрғанда жүргізгісі келеді. Ал көктемде не болады? Барлау жұмыстарынан кейін бөгеттің жарылып кетпейтініне кепілдік қайда? Кеңес заманынан бері ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Су қоймасының айналасында көптеген бұлақтар бар. Олардың бәрі құрғап, екі ауыл ғана емес, қалаға дейінгі барлық ауылдар зардап шегеді. Біз 4-рет түсіндіріп жатырмыз, бізден ештеңе іздеудің қажеті жоқ”, – дейді ауыл тұрғыны Жанат Кенжеғалиев.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ауыл жастарының бірі егер барлау жұмыстары басталса, жолды жауып, техникаларды қирататындарын айтты. 

“Жастар атынан сөйлеуге рұқсат етіңіздер.Егер барлау басталса, жастар тас жолды жауып, техникаларды жоюға дайын, үлкен шу болады”, – деді залдағы жастардың бірі. 

Тұрғындар жоба туралы айтқысы келген компания өкілінің сөзін тыңдаудан бас тартқан. 

“Миллиондаған жылға жететін газ бен мұнай қоры болса да, халыққа не пайда? Арабтар сияқты өмір сүреміз бе? Жаңажол, Саркөл, Кеңқияқтың экологиясына қараңыз. Ақтөбеде 5 айдан бері газ жоқ, халық кезекте тұр. Мұндай газ бізге не үшін қажет? Бізден ештеңе іздеудің қажеті жоқ, неге түсінбейсіздер? Ауылдарды қорғау үшін біз соңына дейін барамыз”, – дейді ауыл тұрғындарының бірі. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында мектеп пен мыңнан аса үй сібір жарасы бар аумаққа кіріп кетіп, тұрғындар үйсіз қалуы мүмкін екені туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Терроризмді насихаттады деп айыпталған 16 жастағы қазақстандық оқиғасымен бөлісті

Published

on

By

Соңғы жылдары экстремистік идеолагияның ықпалына түсіп, терроризмді насихаттап, жиһад жасағысы келген балалардың қатары көбейген. Экстремизмді насихаттады деп айыпталған 16 жастағы жасөспірім болған оқиға туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі қауіпсіздік қызметінің “Арбау” фильміне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скрин

2023 жылы 42 адам деструктивтік әрекеттері үшін қылмыстық жазаға тартылған. Оның екеуі кәмелетке толмаған балалар. Биыл 68 адам сотталған. Олардың ішіндегі бесеуі бала.

Солардың бірі 16 жастағы Айбек(аты ойдан шығарылған). Ол желідегі топтарға кіріп, әртүрлі экстремистік сипаттағы видеолар таратқаны үшін сотталған. Жасөспірім өзінің жиһад жасағысы келгенін де жасырмады.

“16 жастамын. Экстремизмді насихаттайтын видеолар таратқаным үшін жазамды өтеп жатырмын. “Виалати Кавказ” деген Telegram арнаға кірдім. Ахмад деген баламен таныстым. Джиһадқа шақыратын видеолар сал деп айтты маған. Телеграмға кірім “Дауль-атль-Ислам” деген канал аштым. Сол каналға салдым. Сирияға барып жиһад жасағым келді. Топ ашып ол топтың сілтемесін TikTok-қа салдым. Сыбайласым “Ислам мемлекеті” деген тағы бір арнаға сілтеме жіберді, оған да қосылдым. Ол жерде намаз оқымай, Аллаға қарсы шыққан адамдарды өлтіретін видеолар еді. Ютубтан уағыз тыңдап, сайттарын оқыдым”, – дейді ол.

Айбектің анасы баласы бірнеше рет видео көрсеткенін, мұндай видеоларға мән бермегенін айтады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Маған Telegram-нан видео келді деп көрсетті. Ішінде біреудің басын екінші біреу кесіп жатыр. Мен мән бермедім. Мұндайдың талайын көргенбіз ғой деп қоя салдым. Наурыз айында ораза уақытында TikTok әлеуметтік желісіндегі балалармен кездесіп бастады. Арабша музыка тыңдайды. Біздің сауатымыз болмаған соң, балада діни сауат қайдан болсын. Ондай заң бар екенін де білмейміз”, – дейді жасөспірімнің анасы.

Жасөспірім әртүрлі террористік ұйымдарды насихаттайтын видеоларды бөлісіп, басқаларын да жиһадқа шақырған.

“Видеоның мазмұнында ДАИШ террористік ұйымының содырлары бейнеленген. Аса қатігездікпен адам өлтірген. Арнайы қызметтің адамдарын ұстап алып, аяусыз өлтірген видеоларды бөліскен. Оған қоса үстіне араб ұлтының киімін киіп, үйінің маңында бейнероликтер түсіріп, жиһадқа шақырып, жиһадқа шығу ойы бар екенін ашық бөліскен”, – дейді жедел қызметкер.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан азаматы терроризмді насихаттағаны үшін сотталғанын жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!