Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстан алдағы уақытта несие берушіден қарыз алушы елге айналмақ – Қаржы сарапшылары

Published

on

By

Қазақстан үкіметі салық түсімдерінің азаюына және Ұлттық қордан түсетін трансферттерді ұлғайту қажеттігіне байланысты 2024 жылға арналған бюджетті қайта қарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түзетулер туралы заң жобасы жарияланып, 9 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға жіберілді. Құжатқа сәйкес, республикалық бюджет кірісі 2 триллион теңгеге қысқарып, 14 триллион 124 миллиардқа жетеді.

Салық тапшылығы 3 триллион теңгеден асады. Бұл салықтық емес түсімдердің өсуі мен жекешелендіру есебінен ішінара өтеледі.



Заң жобасына түсіндірме жазбада экспорттық тауарлар бағасының төмендегені де айтылады:

“2024 жылы қаңтар-тамызда негізгі экспорттық тауарлардың бағасы (қорғасын, мырыш және т.б.) орта есеппен 5,1% төмендеді”, – делінген жазбада. 

Негізгі соққы Қосылған құн салығына түсіп отыр. Оның жетіспеуі 931,6 миллиард теңге болды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жағдай мамандарды қатты алаңдатып отыр. BCC Invest сарапшылары Қазақстанның кредитор ел мәртебесінен қарыз алушы ел мәртебесіне өтуі мүмкін екенін ескертеді:

“Трансферттердің рекордтық көлемі, шикізаттық емес тапшылықтың Жалпы ішкі өнімінің 7,8%-ға дейін ұлғаюы және бюджет кірістерінің төмендеуі бюджеттің Ұлттық қор ресурсына тәуелділігі артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ұзақ мерзімді перспективада елдің қаржылық тұрақтылығын төмендетуі мүмкін”, – дейді сарапшылар.

Олар Ұлттық қордың резервтерінің сарқылу қаупін атап өтіп, қалпына келтірудің нақты стратегиясы жоқ екенін айтты.

“Басқа факторлармен бірге ел несие берушіден қарыз алушыға айналуы мүмкін”, – дейді олар. 

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі республикалық бюджет шығынын 62 млрд теңгеге арттыруды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ресейдің үш қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептер ашылады

Published

on

By

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астрахань, Омбы және Орынбор қалаларында этникалық қазақтар тұратын жерлерде қазақ тілінде оқытатын қазақ-орыс мектептері ашылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

“Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мәдениетінің ошақтарын құруға қатысты мәселелерді қозғаған. Осы тұрғыда бүгін Қазақстанда орыс тілінде білім беру қызметтерін ұсынатын үш бірлескен мектеп құру талқыланды. Қазақстандық әріптестеріміз Ресейдің кейбір қалаларында: Орынбор, Омбы және Астраханьда қазақ тілінде оқытатын осындай бірлескен мектептерге қызығушылық танытты”, – деп атап өтті Лавров Астанада өткен брифингте.

Ресейде қазірдің өзінде қазақ тілін оқыту жүзеге асырылып жатыр. Бұл этникалық қазақтар тығыз қоныстанған аймақтарда жүргізіледі. 2021 жылғы санақ нәтижелері бойынша Ресейде 591 мыңнан астам қазақ тұрады. Олардың көбі Астрахань, Орынбор, Омбы және Саратов облыстарында шоғырланған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, қазір қазақ тілі Алтай мен Омбы облысының мектептерінде оқытылады. Сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік тілі Омбы облысының 11 мектебінде міндетті пән ретінде саналады.



Еске салайық, былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның оңтүстігінде қазақ-орыс мектептерін ашу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Бұл ретте мемлекет басшысы Ресеймен шекаралас аудандарда да осындай мектептер ашуға мүдделі екенін жеткізді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жаңа атаққа ие болды

Published

on

By

Тиранада 23 жасқа дейінгі жастар және ересектер арасындағы олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен балуандар марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сол жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Жиынға күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, еркін күрестен ересектер арасындағы жеңімпаз Нұрқожа Қайпанов (70 кг), еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 кг), грек-рим күресінен күміс жүлдегер Ержет Жарлықасын (63 кг), әйелдер күресінен күміс медаль иегері Жәмила Бақбергенова (72 кг) және жаттықтырушылар құрамы қатысты.

“Албаниядағы әлем чемпионатында біздің палуандар өздерінің шеберлігін, табандылығынәлемге паш етті. Бұл жеңіс тек сіздерге ғана емес, тұтас елге үлкен шабыт сыйлайды. Сіздердің жеңістеріңіз – жас ұрпаққа үлгі-өнеге, оларға биік мақсаттарға жетуге серпін беретін нағыз патриоттық тәрбиенің үлгісі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Маңызды жеңістердің бірі ретінде Нұрқожа Қайпановтың алтын медалін ерекше атап өту керек. Сондай-ақ күміс медальға қол жеткізген Ержет Жарлықасын мен Жәмила Бақбергенова да мықты спортшы екенін дәлелдеді. Ризабек Айтмұханды айырықша атап өткім келеді. Ол бір жылда екі жас санатындағы әлем чемпионатында топ жарып, өз салмағында рекорд орнатты. Бұл оның 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада сәтті өнер көрсетуіне жол ашады деп сенемін”, – деді Ербол Мырзабосынов.

Кездесу соңында министр Ризабек Айтмұхан мен Ержет Жарлықасынға Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын табыстап, спортшылар мен жаттықтырушыларды алғыс хатпен марапаттады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

107 жастағы кейуана 10 сантиметрлік мүйізінің арқасында әлемге танылды

Published

on

By

107 жастағы Чэнь есімді әйел ерекше келбеті арқасында Қытайдың Douyin әлеуметтік желісінде танымал болды. Оның маңдайында эпителий жасушаларынан түзілген конус тәрізді 10 сантиметрлік өсінді өсіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: NYP

Бастапқыда мүйіз кішірек болған және бірнеше жыл ішінде осындай мөлшерге жеткен. Чэньнің айтуынша, оның пайда болуы мүлдем қолайсыздық тудырмайды. Ол жасына қарамастан денсаулығына, тәбеті мен көңіл күйіне жақсы қарап жүр.

Douyin қолданушылары Чэньнің ұзақ өмір сүруінің құпиясы дәл осы мүйізде деп әзілдейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Дәрігерлер мұндай өсінділерді тері мүйізі деп атайды. Мұндай ісіктердің адам денсаулығына қатері жоқ. Дегенмен уақыт өте келе қатерлі ісікке айналу қаупі бар деді мамандар. Өкінішке қарай, олардың пайда болу себебі әлі анықталмаған.

Еске салайық, бұған дейін филиппиндік 2 жастағы Джарен Гамонган басқаларға ұқсамайтын, өзгеше кейіпте дүниеге келгенін жаздық. Джареннің анасы бүкіл денесін түк басқан баласының ерекше болып туылуына өзін кінәлі деп санайды. Әйел Джаренге жүкті кезінде жабайы мысық етіне жерік болған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!