Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстанда көлік әкелу ережелері өзгереді

Published

on

By

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шыққанына үш жыл болмаған көліктерді әкелуге жаңа ереже енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, енді 3 жыл толмаған автокөліктерді КТБ құжатында (Көлік түрін бекіту) ресми тізімі бар адамдар ғана әкеле алады. Бұл құжат көлік құралының техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайды.

Бұрын декларацияланған кез келген тұлға КТБ арқылы автокөліктерді импорттай алатын. Алайда, қазір импорт құқығы осы құжатта тікелей көрсетілгендерге ғана сақталады. КТБ тек заңды тұлғаға беріледі.


Автосалондар көлік алушыларды қосымша қызмет сатып алуға мәжбүр еткен: Сарапшылар артық төлемдердің заңсыз екенін айтты READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Бұл өзгерістер Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес белгіленді және Қазақстанға автокөліктерді әкелуді оңтайландыруға бағытталған.

Алматыдағы табиғатты қорғау бекеттерінде жыл басынан бері 25 мың экологиялық нормаларды бұзу фактілері тіркелген.  Автокөліктерге қатысты салынған айыппұл сомасы 437,4 млн теңгені құраған.

Еске салсақ, осыған дейін 2026 жылдан бастап қазақстандықтар ақылы түрде кез келген көлік нөмірін таңдай алатынын жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстанда желтоқсаннан бастап тас жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады

Published

on

By

2024 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.

Ол қазан айының басында Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және жол қозғалысы ережелеріне елеулі өзгерістер енгізетін заңнамалық актілерге қол қойылғанын, олардың кейбіреулері ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында күшіне енетінін еске салды.

“Жаңашылдықтарға сәйкес, жолдардың түзу учаскелерінде жылдамдықты шектен асырған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл мөлшері 5-тен 40 АЕК-ке дейін, яғни жылдамдықты арттыру дәрежесіне қарай 18 460 теңгеден 147 680 теңгеге дейін”, – деді Әлекешев.


Елімізде жол ережесін жиі бұзатындар енді сақтандыру үшін көбірек төлейтін болады READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Сондай-ақ Әлекешев жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын айтты.

“Өзгерістер жүргізуші куәлігінсіз көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған адамдарға қатысты. Мұндай адамдар жеті жыл бойына көлік жүргізу емтиханынан өте алмайды. Ұқсас ережелер медициналық тексеруден өтуден бас тартқандарға да қолданылады. Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарын бірнеше рет бұзғаны үшін жол жұмысшыларының жауапкершілігі күшейтілді. Мұндай бұзушылықтар үшін айыппұлдар кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 15-тен 40 АЕК-ке дейін болуы мүмкін”, – дейді ол.

Еске салсақ, 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шыққанына үш жыл болмаған көліктерді әкелуге жаңа ереже енгізіледі.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қызылордада жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған 16 жастағы қыздың анасы сұхбат берді

Published

on

By

Бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінген. Қыздың анасы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AIRAN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Зардап шеккен қыздың анасы сыныптастары мен тауысқан әпкесінің әртүрлі видеолармен бопсалағанын айтып берді. Оған қоса қызды отбасыңды өлтіреміз деп қорқытқан.

”Басында барлығы 500-600 теңгеден басталған. Сыныптастары ақша сұрайтын еді. Кейін олардың қатарына туысқан әпкесі қосылады. Бастапқыда өзінің таныстарымен мақтанып, сырттай қорқытады. Артынша ішімдік ішіп, ішкеннің қаншалықты күшті екенін көрсетіп видео түсіреді. Кейін қызым мен сыныптасына да ішімдік ішкізіп, енді өзін емес екі қызды видеоға түсіреді. Артынша қызымды ұрып, тағы видео түсіреді. Осы видеолармен қызымды қорқытап, бопсалаған. Ата-анаңа көрсетеміз, желіге саламыз деп айтқан. Кейін үнемі ақша бопсалап отырады, қымбат телефонын күштеп тартып алады. Кейін соққыға жығып, телефонымен kyzdarnet сайтына тіркейді. Кәдімгі сутенерлер сияқты. Боспалаған қыздардың артында спортшылар, құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін туыстары тұр”, – дейді қыздың анасы.

Бопсалаушылар 16 жастағы қыздың телефонын алып арнайы сайтқа тіркеп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.


Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қызға қандай көмек көрсетілуде – Министрлік жауап берді


“Қызым қарсылық көрсетуге тырысқан. Бірақ олар соққыға жығып, бопсалаған. Алғашқы клиенттерді де өздері тауып берген. Қаңтар айынан наурыз айына дейін қызымның телефоны солардың қолында болған. Клиенттердің ешқайсысы жасын сұрамаған. Қызымды 18 жаста деп көрсеткен. Отбасыңды өлтіреміз деп қорқытқан. Клиенттердің арасында құқфқ қорғау қызметкерлері де болған. Ата-анаң ешнәрсе істей алмайды деп айтқан. Біздің шамамыз жетпейді деп ойлаған сияқты қызым. Сынып жетекшісі боған оқиғаның барлығын естіген. Басқа сыныптың балалары да білген, қызымды келеке қылған”, – дейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Анасы бастапқыда қызының мұндай жағдайға тап болғанын білмегенін, ең алғаш бұл туралы қашан естігенін айтып берді.

“Танымайтын 21 жастағы жігітке желіден жазып, қызым барлығын айтып берген. Үйдің жанына келіп, әкесіне хабарласқан. Әкесі барып қызымызды алып кетті. Қызымның жағдайы сұмдық еді. Әкесі таксимен полиция бөліміне алып барған. Бірақ ол кезде учаскелік полиция бөлімі жабық болған. Кейін үйге келіп, қызым болған жағдайдың барлығын айтып берді. Сыныптастары мен туысқан әпкесі ақша үшін осындай нәрсе жасауға мәжбүрлегенін айтты”, – дейді қыздың анасы.

Қыздың отбасы қазір Қаладан көшуге мәжбүр. 

“Қызылордадан көшуіміз керек. Бұлай өмір сүре алмаймыз. Қазірдің өзінде жұмыс істей алмаймыз. Бұл қыздардың артында аудандағы жігіттер тұрғанын айтады қызым. Бір жігіт көшеде келіп маған бұл істі “қазбалама” деп айтты. Бірақ мен қызыма осыны істегендердің жазаға тартылғанын қалаймын. Қызым қазір ауырып жатыр. Жақында оны жекеменшік ауруханаға жатқызамыз. Бір жыл үш айдан кейін алғашқы сотталғандар бостандыққа шыға бастайды. Бұл заңды қалай түсінуге болады. Бізде заң кімге арналған?” – дейді қыздың анасы.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха аталмыш іс бойынша 13 күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Сексуалды құлдықта болған 16 жастағы қыз сараптама кезінде қысым көргенін айтып шағымданған еді. 

Еске салсақ, бұл іс бойынша сот үкімімен Т “бопсалау” бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот сотталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушының бұған дейін соттылығының болмауы және жігіттің жасы (21 жас) жеңілдететін жағдайлар болып танылған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

Published

on

By

2024 жылдың жетоқсан айында қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар желтоқсан айында жалпы 10 күн демалады.

2024 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15, 16 желтоқсан демалыс.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 14 желтоқсан күні жұмыс күні ретінде бекітілген.

30, 31 желтоқсан дүйсенбі және сейсенбіге сәйкес келгендіктен, қазақстандықтар айдың бұл күндері демалмайды.

Еске салсақ, осыған дейін 2025 жылы қазақстандықтарды Жаңа жыл мен Наурыз мерекелерінде ұзақ демалыс күтіп тұрғаны туралы жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!