Connect with us

IN-THE-NEWS

Ауа сапасы белгіленген нормадан 15 есе нашар

Published

on

By

Үндістанның астанасында экологиялық апат болып, халық тұншығып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Reuters

IQAir хабарлауынша, Делиде дүйсенбі жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де  1500 бірлік ластану деңгейі тіркелді, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дем алуға қолайлы деп санайтын деңгейден 15 есе жоғары.

Улы ауа әуе қатынасын үзіп, мектептерді жауып, қаладағы құрылыс жұмыстарына тыйым салуға мәжбүр етті.

Мектептерді жабу мен құрылыс жұмыстарына тыйым салудан басқа, қала үкіметі қалаға қажетті заттарды жеткізетін көліктерден басқа жүк көліктерінің Делиге кіруіне тыйым салды және қызметкерлердің жартысын үйден жұмыс істеуге жіберуді сұрады.

Өткен аптада үкімет төтенше жағдайлар қызметінен басқа барлық адамға дизельдік генераторларды пайдалануға тыйым салды.

Сарапшылар Делидегі жағдай алдағы күндері нашарлауы мүмкін және проблемамен күресу үшін қатаң шаралар қажет болуы мүмкін деп ескертеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ауа сапасының индексі (AQI) мәні 300-ден жоғары ауа денсаулыққа қауіпті болып саналады.

Үндістанның экологияны бақылау кеңесі қаладағы ластану деңгейі 450-ден асып кеткеннен кейін Делидегі ауа жағдайын “ауыр” деп жіктеді.

Жыл сайын қазан-қаңтар аралығында Делиде, Үндістанның солтүстік штаттарында және Пәкістанның кейбір бөліктерінде ауа сапасы күрт төмендеп, түтін, шаң, желдің жылдамдығы, көлік құралдарының түтіндері және астық қалдықтарын жағу салдарынан айтарлықтай нашарлайды.

Осы айларда үкімет тарапынан ауаның ластануына қарсы арнайы шаралар жүйелі түрде енгізіліп отырады. Бірақ мәселе шешілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін Пәкістанда ауа ластануынан түтін торлап, салдарынан 1,8 миллион адам жаппай зардап шеккені айтылды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

"Сөмке емес, сауап жина": Ерке Есмахан өзін сынаған оқырманына ашуланды

Published

on

By

Танымал әнші Ерке Есмахан өзін сынаған оқырманына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/ 

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді.

Кезекті оқырманы жолдаған сауал-өтініш оның ашуына тиді. Желі қолданушысы әншіге “Сөмке емес, сауап жинасаңызшы. Маған көмектесіңіз” деп жазған.

“Құдай-ау, осылардың өмір сүруі маған міндет екен. Жазып отырған – ер адам. Менен сұрағанша тұрыңыз да, жұмыс жасаңыз. Әлеуметтік желіде неғып отырсыз? Ер адамның екі қолына жұмыс табылады. Сосын менің сауабымның қанша екенін қайдан біліп отырсыз? Сауабым сөмкемнен млн есе көп шығар?! Оны білуші – тек Алла. Дүниемен шектелмей, кеңірек ойланып үйренейік. Түсінген адамға баршылық та, жоқшылық та сынақ қой бұл өмірде”, – деп жауап берді өнер иесі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Үйіме келіп, жылап отыратын”: Баян Мақсатқызы шәкірті Ерке Есмаханның қиналған сәтін есіне алды

“Таппағанымды шетелден алдырдым”: Ерке Есмахан күйеуінің берген сыйлықтарын көрсетті

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Енді қазақстандық мектептерде тамақтандыру сапасына күнделікті тексеріс жүргізіледі

Published

on

By

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ura.ru

Министрдің айтуынша, 2024 жылы тиісті нормативтік құқықтық талаптар күшейтілді. Білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру стандарттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес қайта қаралды.



“Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында күнделікті мониторинг енгізілді. Мектеп аспаздарының біліктілігіне, олардың білімі мен еңбек өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Өнім берушілердің қызметін бастамас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы туралы шарт бекітілді. Сондай-ақ ас блогына бейнебақылау орнату міндеттелді”, – деді министр.

Министр Ғани Бейсембаев “Әлеуметтік әмиян” жобасы аясында тегін тамақ алатын балаларды автоматтандырылған түрде есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты әзірленді. Оны 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып  отыр”, – деді министр. 

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануынан соң енді Қазақстанның өзге аймақтарында мектеп асханаларына тексеру жүргізіліп жатқаны туралы айтылған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Еңбек министрлігі енді шетелде жұмысқа орналастыратын агенттіктердің қызметін бақылайды

Published

on

By

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру бойынша жобасын әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

“Ашық НҚА” порталында еңбек мобильділігі орталықтарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау қағидалары жарияланған.

Құжаттың негізгі мақсаты – республикадан тыс жерлерге жұмысқа шығатын қазақстандықтарды даярлау, олардың еңбек қызметін тиімді ұйымдастыру және шетелде еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қағидалар шетелде азаматтарды жұмысқа орналастыратын жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ осы агенттіктердің еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің шетелде жұмысқа орналасқысы келетін ізденушілерді іріктеу және оларды даярлау тәртібі регламенттеледі.

Бұдан басқа белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің тізілімін құру және жүргізу көзделеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!