Connect with us

IN-THE-NEWS

Германияда балалар ойыншықтарының қорабынан жыландар табылды

Published

on

By

Германияның Лейпциг әуежайында кеден қызметі балаларға арналған ойыншық жүк машиналары салынған тапсырыстардан жыландар табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рresseportal.de порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: presseportal.de

Кеден қызметінің мәліметінше, сәлемдемелер Индонезиядан жіберілген және Германия арқылы Ұлыбританияға жеткізілуге тиіс болған. Сканерлеу кезінде ойыншық жүк машиналарының ішінде жыландардың шиырылып жатқаны анықталды.

Алғашқы тапсырыстан адамдар үшін аса қауіпті емес, бірақ улы саналатын тоғыз азиялық Ваглер моллюскаларын жегіш жылан табылды. Екінші сәлемдемеден ірілеу бес тынықмұхиттық жылан анықталды. Жыландарды тасымалдауға рұқсат болмағандықтан олар тәркіленді. Кеден қызметкерлері өрт сөндіру қызметіне хабарласып, жыландарды алып кетуді өтінді.

Бірінші топтағы жыландар қорғалмайтын түрге жататындықтан олар Лейпциг университетінің ветеринарлық медицина институтына жіберілді. Ал сирек кездесетін және қорғалатын жыландар Германияның табиғатты қорғау федералдық агенттігіне табысталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осы уақытта Индонезияда Google смартфондарын ел ішінде сатуға тыйым салынғаны туралы да хабарланды.



Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та Майами халықаралық әуежайында ер адам шалбарына жыландарды салып алып, рейске отырмақ болғанын жаздық. Көлік қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері белгісіз ер адамды шалбарында кішкентай рептилиялар салынған шағын сөмкемен ұстады. Жолаушы киімінің ішіне сөмке салып алған екен. Жыландар Флориданың балық пен жабайы табиғатты қорғау комиссиясына тапсырылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қостанай облысының соты орман шаруашылығының бұрынғы басшысынан 21 миллиард теңге өндірді

Published

on

By

Қостанай облысында “Басаман” орман шаруашылығы кәсіпорнының бұрынғы басшысы Асхат Жақашев Аманқарағайдағы орман өрті үшін 21 миллиард 436 млн теңге төлеуге міндеттелді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдай министрлігі

Экс-директор қазірдің өзінде өрт маусымында ағаш кесушілерді заңсыз жұмысқа жібергені үшін жазасын өтеп жатыр. Салдарынан 40 гектар орман мен ауыл тұрғындарының үйлері өртке оранды. 

Бір жыл бұрын “Басаман” орман шаруашылығы кәсіпорнының экс-басшысы Асхат Жақашев 4,5 жылға сотталып, жалпы режимдегі колонияға жіберілген еді. Дәл осы орман шаруашылығынан 2022 жылдың қыркүйегінде алапат өрт шықты. Жақашев өрт қаупі жоғары кезде Қостанай облысының орман қоры аумағында адамдардың болуына тыйым салынғанына қарамастан, жеке бригаданың орманда ағаш кесу жұмыстарына жіберген. Мұның соңы қайғылы жағдайға әкеп соқты. 

Сондай-ақ ағаш өңдеушілер ақшаны оның жеке шотына аударуға мәжбүр болған. Қазір Қостанай қалалық соты экс-директордан 20 миллиард теңгеден астам шығынды өндіріп алды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Талап арызды ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден мемлекетке 21 миллиард 436 миллион шығын өндірілді. Оның 326 миллионы аудандық бюджетке, қалғаны облыстық бюджетке түсті. Сот ортақ үлестік меншікті құру және жұбайының ½ үлесін өндіріп алу туралы талаптарды мерзімінен бұрын қойылған деп санады”, – деп мәлімдеді Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина.



Бұған дейін Қостанай облыстық соты Асхат Жақашевті қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқаруға тыйым салып, сотталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін Астанада өрттен қаза тапқан төрт баланың өлімі туралы көршілері айтып берген еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстандық балуан Армениядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Published

on

By

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінен тағы бір қола жүлде қоржынымызға түсті. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде кезекті рет қазақ балуаны жеңіс тұғырына көтерілді. Еркін күрестен 86 келі салмақта сынға түскен Рүстем Мырзағалиев үздік үштіктен көрінді. Отандасымыз ширек финалда ресейлік балуан Арслан Багаевқа есе жібергенімен қола жүлде үшін белдесу мүмкіндігіне ие болды. Рүстем кіші финалда маңғолиялық балуанды 5:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шебері Мейіржан Әшіровтің әскерилер арасында әлем чемпионы атанғанын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты әскери шараларды қабылдауды тапсырды

Published

on

By

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты әскерді күшейтіп, қауіпсіздік шаралар қабылдауды тапсырды.

Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.



Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау”, – делінген хабарламада.

Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген еді.

Бұған дейін Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!