Жынмен келісімшартқа отыру бір-ақ сағат! Алматылық емші Айнұр Бекеттің айтуынша, қара магия мен жындар әлемі бары рас. Ол Stan.kz тілшісіне тылсым күштің құпиясын ашып айтты.
Фото: Stan.kz/Медет Исапанов
– Емші деген кім?
– Емші – адамды емдейтін адамдарды айтады. Дәрігерлерден айырмашылығымыз, бізде қасиет болады. Адамның бойындағы ауырып тұрған жерлерін энергия арқылы байқап емдейміз.
– Сіз қара дуамен айналысасыз ба?
– Айналысып көрген емеспін, айналысқым да келмейді. Көп адам маған мынау сүйікті қызым немесе жігітім басын айналдырып беріңізші деп келеді. Енелер балам мен келінімді ажыратып бер, маған келінім ұнамайды деп суретін әкеліп отырады. Мен ондай жандарға есік әне деймін, олар кетпей милиондап ақша ұсынады. Біздің күшті сатып аламын деп ойлайды. Иә, сатып алуға болады. Жынмен келісімшартқа отыру бір-ақ сағат. Егер сол әрекетті жасасақ, таза әлемге енді келмейміз. Құдайдан кешірім сұрап, қайта бастауға болады, бірақ бойымыздағы қасиетті жоғалтып аламыз. Аллаға қарсы жұмыс істеп кетесің. Қазіргі заманда қара дуамен айналысатындар өте көп.
– Адам өзінің бойын дуадан қалай сақтайды?
– Тұзбен жуынып, тазаланып жүру керек. Ол сырттағы энергияны тазартады. Бірақ шынымды айтсам, одан ешкім қорғана алмайды. Мешітте намаз оқып жатқан кісілердің жындары қозып, айқайлап құлап жатады. Одан кейін не айтам, ол күнде құран оқитын кісі ғой. Соның ішіне жын кіргенде, қарапайым адамға кірмейді дейсіз ба? Тылсым әлем қорғайды. Сен құран оқығаның кішкене көмек болады, дегенмен бойыңды жан жағыңды таза ұстау керек. Ниетің түзу болып, санаға жаман ойды жібермеу керек. Дуаны бойыңа кіргізуің санаңа байланысты.
Неге қара дуамен айналысатындар, өз өмірі үшін неге қорықпайды?
Қара дуамен айналысатындар жын әлемімен келісімшартта отырады. Олар ешнәрседен қорықпайды. Себебі қорғаушылары мықты. Базар – магияның ордасы. Алтын көрсе періште жолдан таяды дейді ғой. Біз пендеміз қателесеміз. Бәсекелестер бір -біріне дуа жасап жатады. Дуадан арылу үшін маған келіп жатады. Мен келген адамның басын ұстап қазіргі жағдайын анықтаймын. Егер дуада, тіл көз тиген болса адам артқа қарай қимылдап өзін ұстай алмай қалады. Ал жолы ашық болса, бір қадам алға жылжып кетеді. Адамның басын, арқасын ұстағаннан кішкентай кезінде қайда өмір сүрді, әке-шешесі, бауыры туралы ақпаратты көріп аламын. Сосын қазіргі жағдайында қандай мәселе болып жатқанын қарап, ата-бабасының әруағымен тілдесемін. Кейде әр адамның тотемі келеді, жануарлар әлемінен. Жалғыздықты жақсы көретіндерге қасқыр, ұзақ өмір сүретіндерге тасбақа немесе жылан кейпінде келеді. Солай дуаны шешемін. Менің қасиетіме сақалдылар сенбейді, олар маған орамал таққыза алмай әлек. Бірақ армандары орындалмайды. Дін мен қасиетті байланыстыруға болмайды. Екеуі де Алладан, бірақ бағыты бөлек. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
– Адам ұйықтағанда неге бастырылып қалады?
– Әрине, бұл тылсым күш. Адам өз денесіне ие бола алмай, үстінде біреу отырғанын сезеді. Менің өмірімде ондай жағдай кездесті. Үйге жөндей жұмыстарын жасап, абыр -сабыр шығып жатқан кезде ұйықтап қалғанмын. Бірақ ояу сияқтымын себебі жан-жағымның бәрін сезіп жатырмын. Үстіме дәу, қара нәрсе келіп отырды да, екі қолымен мойныма жабысты. Оянып кетіп алыстым. Бұл нәрсе көбінесе адамның бойы, жатқан жері, энергетикасы таза болмағанда болады.
– Сіз болашақты болжайсыз ба?
– Жастардың көбі қашан тұрмысқа шығып, неше баласы болатынын білгісі келеді. Болашақты көретін кезде денем өзі сезеді. Мұздайды, жел өтеді бәрін көріп отырамын. Бірақ біліп тұрсам да ешкімнің болашағын айтпаймын. Болмайды. Менің ол кезде дуа жасайтындардан айырмашылығым болмайды.
– Емшінің алаяқ екенін қалай білеміз?
– Жұмысының нәтижесі арқылы ғана айыруға болады. Басқа жолы жоқ.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіздер
Атырауда Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен бір адам инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Науқастың ауру малды сойған қасапшы екені анықталды.
“17 адам медицина қызметкерлерінің қадағалауында. Бір адамның қызуы көтеріліп, аурухағана жатқызылды. Сібір жарасына күдікті деп. Қазір науқастың жағдайы жаман емес. Зерттеуге алынды, анализ қорытындысын күтіп отырмыз”, – деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Альмира Сабырғалиева.
Тұрғындар үйсіз қалуы мүмкін: Алматы облысында мектеп пен мыңнан аса үй Сібір жарасы бар аумаққа кіріп кеткен
Науқастың әзірге нақты Сібір жарасын жұқтырғаны расталған жоқ. Себебі зертханалық сынама нәтижелері әлі дайын емес. Бейресми ақпарат бойынша, науқас Өзбекстан азаматы. Ол мал базарында қасапшы болып жұмыс істеген екен. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Сібір жарасы тараған бұл базарда тағы бір сиыр ауырып өлген. Өлекседен сынамалар алынып, зертханаға жолданды.
Қазір Атырау аумағына Батыс Қазақстан облысынан және Құрманғазы ауданынан мал әкеле жатқан көліктер тоқтатылып тексеріліп жатыр. Анықтама қағаздары жоқтар кері қайтарылуда. Сонымен қатар мал соятын жерлердің бәрін жіті тексеріліп жатыр.
“Сібір жарасы анықталуына байланысты қаладағы 4 мал сою пунктінен және сауда орындарынан 55 сынама алынды. Қорытындысы 7-10 күн аралығында шығады. Кеше тағы бір мал өлімі тіркелді. “Асыл-Агро” базарында. Одан сынама алынды. Астанаға жіберілді. Қорытындысы бес күн ішінде шығуы керек”, – деді Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.
Еске салсақ, бұған дейін Атыраудағы “Асыл агро” мал базарында өлген сиырдан Сібір жарасы анықталған еді.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagramпарақшасында кезекті мектеп ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
“Астанада он жетінші жаңа мектеп ашылды. Бұл елорда үшін абсолютті рекорд болып саналады!
Қасым Қайсенов көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жаңа оқу орны “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынған. Мектеп оқушылардың ыңғайлылығы үшін қажет нәрсенің бәрімен жабдықталған.
Мемлекет басшысының “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында елордада жаңа үлгідегі 10 мектеп салынып, есігін айқара ашты. Осы ұлттық жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Осы мектептердің өзі екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.
Жыл соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, тағы 4 мектептің үш ауысымды оқыту проблемасы, сол сияқты тығыздылығы жоғары 3 мектептің қиындығы шешілетін болады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Біз сондай-ақ алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына жеке инвестициялар да тартамыз”, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істеген жекеменшік мектептерге айыппұл салынып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде заңды рұқсат алмай бала оқытумен айналысқан 58 білім ордасы жауапкершілікке тартылған. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бұл мектептер әзірге жұмысын тоқтатпаған. Мектептер айыппұл төлеп, олқылықты реттеуге уәде берген. Бірақ анықталған заңбұзушылықтар сотқа жолданды дейді министрлік өкілі.
“Айыппұлдарын алып, іс сотқа жіберілді. Егер олар белгіленген уақыт мөлшерінде тағы да 6 ай ішінде лицензия алмаған жағдайда қайтадан екінші бөлігімен жауапкершілікке тартылады. Сөйтіп соттың шешімімен мектептің жабылуына дейін көзделген заңнамада шаралар қарастырылған”, – дейді оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің бас сарапшысы Үміт Хамидуллина.
Министрлік қызметкерінің айтуынша, рұқсатсыз бала оқытып назарға ілінген мектептердің кейбірі құжатын реттеп, бүгінде 17-сі қызметін талапқа сай атқарып жатыр екен. Ал жекеменшік мектеп кәсіп үшін емес, білім сапасын арттыру үшін ашылады деген заңгерлер лицензия кәсіпкерден талап етілетін ең бірінші негізгі құжат болуы қажет дейді.
“Жекеменшік білім саласындағы қызметтердің сапалығын және олардың білім деңгейін тексере алмағандықтан сол үшін лицензиялық талап міндетті болу керек. Өйткені, біріншіден, білімнің сапалы болуына және сол стандарттарға сәйкестігін көрсететін ең бірінші нормативтік құжат ретінде қараймыз. Екіншіден, осы қызметті жүзеге асыру кезінде сондағы педагогтардың қаншалықты білікті екенін білеміз”, – дейді заңгер Олжас Әлімов.
Оқу-ағарту министрлігінің дерегіне сүйенсек, бүгінде елімізде 800-ден астам жекеменшік мектеп бар. Онда жалпы 250 мыңнан астам бала оқып жатыр. Айта кетсек, бұған дейін Тараздағы лицензиясы жоқ білім ордасы аяқ асты жабылып, 200-ден астам оқушы мектебіне бара алмай қалған болатын.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылған еді.