Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматы облысындағы колония басшысының орынбасары ұсталды

Published

on

By

Алматы облысында арнайы прокурорлар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері №14 түзеу мекемесі басшысының орынбасарын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Іске қатысты облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ресми түсінік берді.

“2024 жылдың 13 қарашасында Алматы қаласында Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу басқармасы Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесі бастығының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады, – делінген баспасөз хабарламасында.

Мәліметтерге сенсек, қылмыстық іс шеңберінде барлық жағдайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес, басқа қосымша ақпарат берілмейді”, – деп қосты прокуратура.


Еске салайық, бұған дейін Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталғанын жаздық. Сотталушыға қатысты оң шешім шығару үшін сот төрағасы 1,5 миллион теңге пара алған. Руслан Жұмағұловпен бірге тағы екі адвокат ұсталды. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-1-бөлігіне сай, “Пара алу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен Батыс Қазақстан бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларымен айналысып жатыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстанда электромобиль жүргізушілеріне талап күшейді

Published

on

By

Қазақстанда электромобиль жүргізушілеріне талап күшейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Электр қуатымен жүретін көліктердің жүргізушілері темір тұлпарларының электрокар екенін көрсететін арнайы белгі жабыстыруға міндетті. Заң сақтамағандарға алдымен ескерту беріледі, кейін 11 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ.

Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, бұл тәртіп тоқпен қуатталатын көліктерге арналған тұраққа қарапайым көліктердің тұруына жол бермеу үшін қажет. Сондықтан жасыл түсті арнайы жапсырманың болуы электромобиль жүргізушілерінің өздері үшін де ыңғайлы дейді министрлік өкілі.


Электромобильдердің жаяу жүргіншілер үшін қауіпті екені дәлелденді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Айта кетейік, шілде айында Қазақстанда енген заңға сәйкес электромобильдер тұрақ үшін ақша төлемейді.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде электромобильді көлігін үйінде қуаттайтын жүргізушілерге айыппұл салынатыны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада блогер жігіт алаяқтарға алданған қыздың ақшасын қайтаруға көмектесті

Published

on

By

Астанада блогер жігіт алаяқтарға алданған қыздың ақшасын қайтаруға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Алаяқтар туралы видео әлеуметтік желіде тараған.

“Бастапқыда мен ол жерге келген кезде сұлулық салоны екен деп ойладым. Макияж жасап, фотосессия жасаймын деп ойлағанмын. Сөйтсем ол жер косметолог қызметін ұсынды. Бірден келісім шартқа қол қойғызып, терімді тексерді. Артынша терімде әртүрлі сырқаттар бар екендігін айтты. 23 жаста болсам да терім 30 жастағы әйелдікі сияқты деді. Емімді 2 млн теңгеге шығады деді. Мен бетімді емдетемін деп те ойламағанмын”, – дейді алданған қыз. 

Алайда қызға алдап 400 мың теңгеге арнайы өнім сатқан. Артынша ол алған тауарын кері қайтармақ болған. Дегенмен қыздың бұл сұранысын компания қанағаттандырмаған көрінеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Астаналық блогер зардап шеккен қызбен бірге барып ақшасын кері қайтаруға көмектескен.

“Не себепті сіздер бірден ақшаны кері қайтаряп бермедіңіздер? Неге клиент ақшасын кері қайтару үшін қандайда бір бастықты күтуі керек? Неге тауарды кері қайтарамын деп тұрған сатып алушыны ойынан айнытуға күш салдыңыздар?” – дейді блогер жариялаған видеода. 

Блогер компания қызметкерлеріне заңға қайшы әрекет жасап жатқандарын айтып жүгінген және қыздың ақшасын қайтаруға көмектескен.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустриядан ұтылды

Published

on

By

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Аустрия құрамасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

.

Фото:oefb.at

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында бесінші ойнын өз алаңында Аустриямен өткізіп, тағы да ұтылды. Алматыдағы “Орталық стадионда” өткен матчта Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз 2 гол соғылды. Аустриялық спортшылар мәселенің барлығын бірінші таймда шешіп тастады. Осылайша ресейлік маман Станислав Черчесов Ұлттық құраманың тізгінін ұстағалы Қазақстан төртінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырап, әлі бірде-бір ойында жеңіске жеткен жоқ.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

.

Айта кетейік, енді біздің ұлттық құрама 17 қарашада Норвегияға қарсы ойнайды. Қазақстан қазір өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орынға қалды.

.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!