Connect with us

IN-THE-NEWS

Депутат Бапи Назарбаева мен “Ескі Қазақстанды” сағынғандарды тексеруге шақырды

Published

on

By

Бірмандатты округ бойынша сайланған мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға әлеуметтік желілердегі ақпараттық шабуылға қатысты депутаттық сауал жолдады. Онда ол Ескі Қазақтанды аңсаушылар желіде үгіт-насихат жүргізіп, қоғамдық санаға іріткі салып жүргенін айтып, үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Депутат Ермұрат Бапи, ең әуелі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін еске салып, желідегі “әдемі өмірдің” қандай екенін айтып берді.

“Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбекерлерінің бірінші форумында “Бүгінде әлеуметтік желілердегі әдемі өмір мен “сәтті жетістік” деп аталатын агрессивті жарнама адамдарда бәріне қол жеткізу оңай және қарапайым деген ой тудырады. Кейбір жастар осыған сеніп, қымбат уақыттарын босқа өткізеді. Шыны керек, кез келген жетістіктің артында тынымсыз еңбек жатыр” деді. Міне, осы “сәтті жетістік” бүгінде қоғамдық пікірге, ықпал ету саясатына ауыз сала бастады”, – деді Ермұрат Бапи.

Ермұраттың Бапидің айтуынша, таяуда әлеуметтік желілер арқылы парламент сенатының бұрынғы басшысы Дариға Назарбаеваны жер-көкке сыйдырмай мақтаған видео тараған. 

“Әлбетте, тақырыпқа желеу болған персонаждың басқалардан адами артықшылығы болса, оған мүлдем дау жоқ. Бірақ, бұл адам, Дариға ханым… Кешегі елдегі екінші басшы ретінде жоғары саяси лауазымды адам болғанын ұмытпауы керек. Сондықтан мұны бұрынғы саяси режимнің артықшылығын дәріптеуге арналған, қоғамдық санаға сіңірілмек саяси монипуляция деп қабылдау керек. Әсіресе қазақ қоғамына. Іріткі салуға астыртын бағытталған, “ескіні” аңсау үрдісі сипат ала бастаған сияқты. Желі арқылы тарап жатқан мұндай монипуляцияға, Жаңа Қазақстанды саяси жік-жікке бөлу, өш алу, есе қайтару, қайтып келу әлпетін сезіну қиын болмаса керек”, – деп түсіндірді депутат.

Депутат Қаңтар оқиғасындағы қантөгіске тікелей қатысы бар теріс діни ағым иелері ендігі жерде қоғамның саяси санасына қиқым салуға белсенді түрде кірісіп жатқанын мысалға келтірді.

“Бұған “сәтті жетістікке” жеткендер мұрындық болып отыр. Қаңтар кезінде қашып кеткендер, қазір біртіндеп оралып жатыр. Енді олар ел ішіне ұлттық мұра мен салт-санаға қарсы идеологияны үйіріп, реваншистік саясатты қоғамға сіңіруге қам жасап жатыр. Мақсат – онсызда әзірге ала-құла қоғамға әлеуметтік протестік теңсеріспен толқылулар тудыру. Тараламы, оқырманы миллионға жуық желілерге, ресурстарға қаржылай көмек беру арқылы оларды өз бауырларына басып, ашық платформалар арқылы ашық саяси теңсерістер тудыруға ниетті”, – деді мәжілісмен.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

Бұдан бөлек Ермұрат Бапи оған дәл осындай инсайдерлік ақпараттың бірнешеуі жеткенін атап өтті. 

“Бүгінгі билік отставкаға кетеді”, “мерзімінен бұрын өтетін сайлауға дайындық жүріп жатыр”, “Депутаттардан ұят кетті” деген сияқты жалаң трендтердің әлеуметтік желіде еркін тарауына, сол реваншистердің қолтыққа су бүрку әрекеттері себеп болып отыр. Мұның бәрі “бұрынғының кезінде мұндай болмаған”, “бұрынғының кезінде жақсы еді” деген тезисті тарату арқылы қоғамдық санаға солақай саңылау салудың саясат технологиясы деп қабылдау керек. Сонымен қатар бұрынғы билікті аңсаушылар ушықтырып, қазақтар мен жалпы мұсылмандар дүниесін Жаңа Қазақстанға айдап салып жүрген діни-саяси әрекеттер әшкереленуі керек. Қазақтың мыңжылдық ұлттық мұраттары мен дәстүрлері шариғатпен емес тиісті заң нормаларымен реттелуге тиіс”, – деп қорытындылады мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи.



Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Никита Шаталов та ел экономикасын басқаруда  “Ескі қазақстанның” кейбір әрекеттері қайталанбауы қажеттігін айтқан еді. 

“Либерализация қитұрқы әрекеттерге төзбейді. Бұрын жекешелендіруді желеу етіп, инфрақұрылым, денсаулық сақтау мен білім беру нысандары, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар кім көрінгеннің қолына өте беріп, бекерге сатылды. Бұл үрдіс қайталанбауы керек”, – деді Никита Шаталов.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жители Риддера обратились к народу Казахстана

Published

on

By

Риддерцы выразили благодарность за восстановление ТЭЦ и стабильное тепло в домах, а также поддержали решение о выделении 28 миллиардов тенге на завершение строительства больничного комплекса. В своем обращении местные власти подчеркнули важность стабильности и общественного согласия.

“Основой процветания нашего города является стабильность, общественное согласие, мир и порядок. Мы сообща пережили трудные моменты, сплотились над их решением. Каждый день чувствовали поддержку Главы государства. Мы видим, как много работы было сделано по восстановлению Риддер ТЭЦ. Свыше 16 миллиардов тенге было выделено на ее восстановление. Отремонтировано более 20 километров теплосетей”, – говорится в обращении.

Члены общественного совета выразили признательность за то, что в этом году тепло подается без перебоев и в домах снова стало тепло.

С особой теплотой риддерцы  встретили решение о выделении 28 миллиардов тенге на завершение строительства многопрофильного больничного комплекса. Об этом стало известно буквально несколько минут назад. 

В обращении затронута и тема с введением единого часового пояса в стране. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Восточноказахстанцы всегда одними из первых поддерживали инициативы государства. И этот раз не станет исключением. Переход на новый часовой пояс – стратегическое решение Правительства, которое соответствует интересам эффективного функционирования нашей страны.

Мы не допустим, что бы этот вопрос стал причиной раздора в нашем обществе, и призываем всех казахстанцев смотреть на эти изменения с оптимизмом и пониманием”- говорят авторы обращения. 

В конце обращения Общественный совет Риддера и депутаты городского Маслихата призвали казахстанцев сплотиться над решением важных социальных и экономических вопросов. 

“Откинув эмоции, мы должны двигаться вперед!, – такими словами завершается обращение риддерцев. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қос қазақ Қытайда өтетін UFC турнирінде өнер көрсетеді

Published

on

By

Қытайда туған қазақ спортшылар әлемге әйгілі UFC тұжырымының Қытайда өтетін турнирінде жекпе-жекке шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: UFC

Этникалық қазақтар Мақсат Қайсар мен Балғын Жеңісұлы UFC тұжырымының Қытайдың Макао қаласында өтетін UFC Fight Night турнирінде жұдырықтасады. Road to UFC турнирінің финалына жолдама Балғын (16-5) Naiza лигасының чемпионы болған корейлік Су Енгке қарсы жұдырықтасса, Мақсат Қайсар бразилиялық жауынгерге қарсы жекпе-жек өткізеді. Турнир 23 қараша күні өтеді. 

. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Road to UFC турнирінің жеңімпазы атанған спортшы UFC тұжырымымен келісім-шартқа отыру мүмкіндігіне ие болады. 

.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Отбасы келесі жылы баспана алады

Published

on

By

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек өрттен төрт баласы қаза тапқан отбасы келесі жылы баспана алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

“Отбасы тұрғын үй алу кезегінде тұр. Келесі жылы олардың кезегі келеді. Олар “көпбалалы отбасы” санатында тіркелген. Енді сол кезекте қала береді. Заң бойынша солай. Біз бұл мәселені қосымша қарап, шешім шығарамыз”, – деді Қасымбек.

Әкім зардап шеккендермен бір үйде тұрған екінші отбасы туралы да айтты.

“Оларға уақытша жатақхана берілді. Біз ол отбасымен қосымша жұмыс істейміз. Олардың тұрғын үй мәселесі шешіліп жатыр”, – деп сендірді елорда әкімі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Әкімнің айтуынша, өртенген үй – жалға алынған коттедж, онда екі отбасы тұрған.



Еске салайық, бұған дейін 17 қазанда Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шыққанын жазған едік. Өрттің салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылдары туған төрт бала қаза тапты. Балалардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Астана әкімдігі өрттен зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!